Көмір бағасы қымбаттай ма?

586
0
Бөлісу:

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вагон парктерін басқару операцияларын жүргізу үшін қойылатын мөлшерлеме көтерілмейтініне кепілдік береді.

2018 жылдың басынан бері «ҚТЖ» ҰК» АҚ желілері бойынша 65 миллион тоннадан астам көмір тиелген. Осыған дейін аймақтарға 45,1 миллион тоннадан астамы тасымалданған. Бұл 2017 жылдағы тасымал көлемінен 0,4%-ға артық, тұтынушылардың коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктеріне – 5,5 миллион тонна көмір тасымалданған. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-та аталып отырған жүк көлемін тасымалдауға жылжымалы құрам саны жеткілікті. Әр түрлі жекеменшік иелерінен 54 мыңға жуық ашық вагон жұмылдырылды. Коммуналдық-тұрмыстық көмір тасымалы үшін 9 мыңға жуық ашық вагон қолданылуда.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бастамасымен көмір тасымалы көлемін жыл бойына біркелкі бөлу және күзгі-қысқы кезеңдегі жүктемені азайту мақсатында көмір өндірушілердің қатысуымен облыс әкімдіктерінде отырыстар өткізілді. Облыс әкімдіктері мен көмір өндірушілер көмір тасымалы көлемін қайта бөлу бойынша міндеттемелер алды. Соның нәтижесінде коммуналдық-тұрмыстық көмір тасымалының көлемі 31%-ға артты. Сонымен қатар көмір жүгін жөнелтушілермен де отырыстар өткізілуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін тасымал көлемін орындау бойынша талап-тілек хаттамасы толтырылды, бұл ретте «ҚТЖ» ҰК» АҚ вагон парктерін басқару операцияларын жүргізу үшін қойылатын мөлшерлеме көтерілмейтініне кепілдік береді.
«Айқын» ақпарат

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*