Құрбан айтта 439 тонна ет кімдерге таратылды?

597
0
Бөлісу:

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораздың тапсырмасына орай дін қызметкерлері биыл Құрбан айтта  республика бойынша 61 191 отбасына 439 тонна 943 келі құрбандық еті таратылды.
Мешіт тарапынан таратылған құрбандық еті қарттар, жетімдер үйлеріне, ауруханалар мен қоғамдық ұйымдарға, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға жергілікті əкімдік ұсынған тізім бойынша тұрмысы төмен жеке тұлғаларға үлестірілді. Сонымен қатар бүлдіршіндер мен кəмелетке толмаған балаларға арнайы сыйлықтар берілді. «Құрбан айтта қуандыр» атты қайырымдылық акциясына еліміз бойынша 2 мыңнан астам мешіт үлес қосты. Мешіт жанындағы арнайы орындар мен жергілікті əкімдік белгілеген нысандарда құрбан шалынды.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу:

Пікір жазу


*