Дзюдошы Елдос Сметовті ауруханаға алып кетті

606
0
Бөлісу:
Сметов

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов Джакартада өтіп жатқан Азия ойындарында жарақат алып, ауруханаға жеткізілгенін Қазақстан ҰОК ресми сайты хабарлады.

Бірінші айналымда қарсыласын айқын басымдықпен жеңген Елдос екінші кездесуде Солтүстік Корея балуанынан ескерту санымен ұтылған еді. Осы жекпе-жектен соң Елдос Сметовті ауруханаға алып кетті. «Жаңа ғана Елдосты жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті. Рентгенге түсірді. Екінші белдесу кезінде жарақат алған. Оң жақ қабырғасы сынды деген болжам бар» деді дзюдодан Қазақстан командасының дәрігері Наталья Кудашева.

«Айқын» ақпарат  

Бөлісу:

Пікір жазу


*