Сыртқы істер министрі Кыркарада болды

259
0
Бөлісу:

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Кеген (Қазақстан Республикасы) – Кыркара (Қырғызстан Республикасы) автокөлік бақылау-өткізу пунктіне  барды. Аталған сапар Қазақстан мен Қырғызстан Президенттерінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы  Астанада қол жеткізген келісімдерін жүзеге асыруға, сондай-ақ бақылау-өткізу пунктін маусымдық кезеңнен жыл бойы пайдалануға ауыстыру мүмкіндігін талдауға бағытталған.

Аталған өткізу пункті шекаралық бақылау-өткізу пунктерін жабдықтау жөніндегі нормативтік талаптарға сәйкес бақылау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін заманауи техникалық бақылау құралдарымен жабдықталған. Жаз айларында 27 мың адам аталған өткізу пунктінен  өтті.

Қазақстан мен Қырғызстан үкіметі арасындағы 2003 жылғы 25 желтоқсандағы мемлекеттік шекара арқылы өтукізу пункттері туралы келісімге сәйкес, Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасында 8 бақылау-өткізу пункті бар.

Мемлекет басшыларының Аухатты (Қазақстан Республикасы) – Кен-Булун (Қырғызстан Республикасы) және Сартобе (Қазақстан Республикасы) – Токмок (Қырғызстан Республикасы) атты екі бақылау-өткізу пунктерінің екі жақты мәртебесін көпжақтыға өзгерту туралы уағдаластықтары 2018 жылғы 17 тамызда VII Қазақстан-Қырғызстан үкіметаралық кеңестің отырысында тиісті Хаттамаға қол қою арқылы жүзеге асырылды.

Бұл басқа өткізу пункттердегі жүктемені төмендетуге, сондай-ақ шетелдік туристерге Ыстықкөлге келуді ыңғайлы етуге мүмкіндік береді. Аймақтық туристік бағыттарды дамыту екі ел үкіметтері басымдықтарының бірі болып табылады. Екі мемлекеттің аумағы арқылы өтетін Хан Тәңірі шыңына бағытталған  туристік маршрут өзара тиімді ынтымақтастықтың жарқын мысалы болып табылады.

Қазақстан-Қырғызстан арасындағы ынтымақтастықғының күн тәртібінде осы жіне басқа датүрлі салалардағы екі жақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған мәселелер бар.

Еркін ҚАЛДАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*