Алматыда Орталық Азиядағы ірі көлік-логистикалық көрме өтеді

843
0
Бөлісу:

2018 жылғы 18-20 қыркүйек аралығында Алматы қаласында Орталық Азиядағы ірі көлік-логистикалық қызметтердің «Көлік және логистика» TransKazakhstan/Translogostica 2018 көрмесі мен конференциясы өтеді.

Инвестициялар және даму министрлігі баспасөз қызметінің  хабарлауынша, жобаның маңызды міндеті – көліктің барлық түрлерін синергиялау жолымен, Қазақстанның көлік логистикасын және ғаламдық транзиттік  әлеуетті дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау болып отыр.

Биыл көрме көлік-экспедициялық қызметтердің кең ауқымын ұсынатын, жүктерді өңдеумен және қаттаумен айналысатын, ұлттық темір жолдарды, халықаралық теңіз порттарын, көлік компанияларын, сондай-ақ көлік құралдарының барлық түрлерін, қосалқы бөлшектерді және толымдаушылар мен өндірушілердің басын қосады.

Сондай-ақ TransKazakhstan/Translogostica 2018 бағдарламалық қамтамасыз етуді жасаушыларды,  көлік саласы үшін ІТ шешімдерді, процестер мен жүйелік ықпалдастыруға арналған технологияларды ұсынатын ұлттық және технологиялық компанияларды көрсетеді.

Бүгінде Қазақстан стратегиялық пайдалы аумақтық жағдайға ие бола отырып, өзінің логистикалық нарқын жасайды; жаңа темір жол тармақтары, порттары, автожолдары салынуда, жол бойындағы инфрақұрылым, қойма кешендері жаңғыртылады және жақсартылады.

Президент Н.Назарбаев барлық Орталық Азия аймағына транзиттік хабқа айналып, логистикалық қызметтер секторын дамытуды және жүктерді тасымалдау үшін Кедендік одақ аумағын барынша пайдалануды мақсат етіп қойды. Мәселен, 2018 жылы тамызда Қазақстанда Құрық мультимодалдық хабы іске қосылды, оның тек Қазақстан үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіл Еуразиялық құрлық үшін де зор маңызға ие. Темір жол-паромдық және автокөлік кешенінің өткізу қабілеті жылына 7 млн. тоннаны құрайды. Құрық порты «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, «KTZExpress» АҚ, «KTZE-KhorgosGateway» ЖШС,  «Ақтау Халықаралық Теңіз Сауда Порты» ҰК» АҚ, «Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы» ЖШС, «ҚТЖ-Жүк Тасымалдары» АҚ, «Хоргос – Шығыс Қақпасы«Арнайы Экономикалық Аймағы» АЭА» АҚ  қазақстандық компаниялармен бірге TransKazakhstan/Translogostica 2018 көрмесіне қатысады.  Порт өкілдері көрме кезінде мамандарды мультимодалдық хаб мүмкіндіктерімен және ынтымақтастық перспективаларымен таныстырады.

Сондай-ақ, «Транскаспий халықаралық көлік бағдары» Халықаралық Қауымдастығы, «Делко» ЖАҚ және FKKGroup (Ресей), Hyo-SungGeneral Co., Ltd. (Корея), FaymonvilleDistribution AG (Люксембург), SeaandRailLimited (Қытай), TRANS.EU жүктер мен көлікті іздеуге арналған онлайн-платформа да көрмеге алғаш рет қатысады.

TransKazakhstan/Translogostica  халықаралық алаңы Әзірбайжанның, Беларусьтің, Қазақстанның, Қытайдың, Латвияның, Литваның, Люксембургтің, Ресейдің, Украинаның, Финляндияның, Эстонияның және Оңтүстік Кореяның компанияларының басын қосады.

TransKazakhstan/Translogistica 2018 жобасы инвестицияны тартуға және инновацияларды енгізуге, Қазақстандағы  көлік инфрақұрылымының, логистикалық және қойма жүйесінің дамуына, халықаралық тасымалдар көлемінің өсуіне ықпал ететін болады.

Алғаш рет көрме аясында «KAZLOGISTICS»  Қазақстан көлік саласы одағы мен «Жібек Жолы» Логистика және Бизнес институты ұйымдастырған І Халықаралық Конференция өтеді.

Конференция сеесиясының негізі бағыттары анықталды – «Жібек жолы елдерінің көлік жүйелерін дамыту саласындағы мемлекеттік саясаты. Сын-тегеуріндер мен шешімдер; «SCM + 4PL:

Жеткізілімдер тізбесін басқару мен оңтайландырудың Сын тегеуріндері мен Үрдістері; «Жылжымалы Құрам: Нарықтар мен Үрдістер, Инновациялар мен Реттеулер» және «Автотасымалдар: Сын тегеуріндер, Проблемалар мен Шешімдер».

Конференцияға қатысушылар қатарында мемлекеттік компания өкілдері, салалық қауымдастықтар мен одақтардың басшылары, көлік-логистикалық және шектес салалардың мамандары ұсынылды.

Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек; «ҚТЖ» ҰК» АҚ Президенті Қанат АЛПЫСБАЕВ; «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» АҚ Президенті Қайрат САУЫРБАЕВ, «KTZ Express» АҚ Президенті Диас ЫСҚАҚОВ;SEZ KhorgosEastGate Бас операциялық директоры Хичам БЕЛМАЧИ; «IATA» Қазақстан Өңірлік басшысы Джордан КАРАМАЛАКОВ; «Литва Темір Жолдары» АҚ Қазақстандағы өкілі Роберт КОМАР; «Жібек Жолы» Лигистика және Бизнес Институты Қамқоршылық Кеңесінің мүшесіЕрхат ИСҚАЛИЕВ; DB Ресейдегі DB Өкілдігінің Басшысы Айварс ТАУРИНС;USAID (АҚШ) Орталық Азияда  бәсекеге қабілеттілік, сауда және жұмыс орындарын жасау жөніндегі USAID  жобаның жетекшісі Джефф РАЙТ баяндама оқыды.

Сондай-ақ «Қазтеміртранс» АҚ; «Еуразиялық темір жол альянсы» «Біріктірілген көлік-логистикалық компания» АҚ; «Трансконтейнер» ӨАҚ; ТОО «Исткомтранс» ЖШС; «ТрансКом»; GlobalinkTransportationandLogisticsWorldwide; «Қазпошта» АҚ компания өкілдері мен басқа мамандар да сөз сөйлейді, деп жоспарланып отыр.

TransKazakhstan/Translogisti халықаралық көрмесін Атакент-Экспо және Iteca көрме компаниялары  Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, «KAZLOGISTICS» Қазақстан Көлік саласы одағының, Қазақстан Тасымалдаушылар мен вагондар операторлары Қауымдастығының және Ұлттық Экспедиторлар Қауымдастығының қолдауымен ITE Group (Ұлыбритания) халықаралық серіктестігімен бірлесіп  жыл сайын өткізеді.

Еркін ҚАЛДАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*