ЕЛБАСЫ ӨЗІ ШЫҢДАЛҒАН ӨҢІРДЕ БОЛДЫ

481
0
Бөлісу:

Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды об­лы­сындағы бірқатар өнеркәсіп кәсіп­орын­дарын аралап, өңірдің инфрақұры­лымдық даму жоспарымен танысты, әлеуметтік және мәдени нысандарында болды.

Мемлекет басшысы Maker жауапкершілігі шек­теулі серіктестігінің Қарағанды құю-машина жасау зауытына барды.
Елбасыға роботтандырылған заманауи құрыл­ғылар, автоматтандырылған басқару жүйе­сімен жабдықталған жаңа машина жасау зауытының өндірістік үдерісі таныстырылды.
Нұрсұлтан Назарбаевқа облыстағы инвес­тиция­лық жобалардың іске асырылу жоспары баяндалды, сондай-ақ «Қазақмыс» кор­порациясы» жауап­кер­шілігі шектеулі серік­тестігінің жұмыс­тары та­ныс­ты­рылды.
Сонымен қатар Елбасы кәсіпорын ұжымымен жә­не Қарағанды мемлекеттік техникалық универ­си­тетінің студенттерімен әңгімелесті.Мемлекет басшысы экономиканы дамыту­дың за­манауи үрдісіне сай дуалды білім берудің және кадрлар даярлаудың маңыздылығын айтты. Қазақстан Президенті жас маман­дарға жұ­мыста зор табысқа жетуге тілектестік білдірді.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті «Қарағанды фар­мацевтика кешені» жауапкершілігі шектеулі серік­тестігіне барды. Мемлекет басшысы озық құрылғылармен жаб­дықталған, өндірістік жобалық қуаты жылына 4 мил­лион биотехноло­гиялық дәрі-дәрмек бумасын шы­ғаруға лайық­талған кәсіпорынды аралап көрді.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірдегі ден­саулық сақтау саласын цифрландыру және мем­лекет-жекеменшік әріптестік аясындағы жоба­лар­дың іске асырылу барысы баяндалды.
Сондай-ақ Елбасы Қарағанды қаласының жаңа ор­талығындағы құрылыс жұмыстарымен танысты.
Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды қаласының «Оң­түстік-Шығыс» ауданында орналасқан тұрғын ала­бының құрылысын аралап көрді. Мемлекет бас­шысына қаланы дамыту үшін тұрғын үйлер мен әлеу­меттік маңызы бар нысандар салу барысы және оның нәтижелері жөнінде баяндалды. Жаңа ор­та­лық аумағында бірқатар әкімшілік ғимараттары мен спорт кешендерін, концерт залын, балалар мен жасөспірімдер үйін, логистикалық көтерме-тарату орта­лығын және мектеп салу жоспарланған.
Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа «Нұрлы жер» және «Нұрлы жол» бағдарламала­рының іске асырылу барысы, соның ішінде Қапшағай – Бурыл­бай­тал – Балқаш бағытында­ғы жолдың құрылысы мен облыстың ішкі жолдарын қайта жөндеу нә­ти­желері жөнінде мәлімделді.
Елбасы Достық үйінде Қарағанды облысын одан ары дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
– Жалпы істеліп жатқан жұмыс дұрыс бағытта жү­ріп жатыр. Тиісті бағдарламамен орындалып жа­тыр. Облыс әкімшілігінің жұмысына оң баға беруге болады. Бірақ алды­мызда тұрған мақсаттар көп. Сіздер білесіздер, елімізде орасан зор бағдарла­ма­лар қолға алынған. Облыста іске қосылған ин­дустриал­ды бағдарламалардың нәтижесінде 10 мыңға жуық жұмыс орны ашылған. Қазақстан әлем бойынша тоғызыншы орында тұр. Сондықтан инф­рақұрылым біз үшін өте маңызды. Алматыда екі млнға жуық адам бар. Шымкент пен Астанада млн тұрғын бар. Ен­дігі кезек – Қарағандыда. Қарағанды да мил­лион­дар қаласы болса деп армандаймын. Бұл үшін аймақты дамыту қажет. Жастармен жұмыс жүргізу к­е­рек. Қазір нарық заманы. Табыс табуды меңгеру ке­рек. Балаларға үйрету керек. Еңбек істеген адамда бәрі болады. Еңбек істеген адамда жұмыссыздық болмайды, – деді Н.Назарбаев.
Елбасы облыстағы өткір мәселелерге жеке-жеке тоқ­талды.
«Облыста ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі өзек­ті. «Нұрлы жер», «Туған жер» бастамала­ры негі­зін­де елдімекендерді көріктендіру жұмыс­тарын тоқ­татпау керек. Жылумен қамтамасыз ету мәселесі бар. Қала жылусыз қалмасын» деп қадап айт­ты Елбасы.
Қазақстан Президенті облыстың этно-мәдени бір­лестіктерінің жұмысымен таныс­қаннан кейін өңір­дегі жұртшылық өкілдерімен кездесті.
Мемлекет басшысы облыстың экономикалық даму көрсеткіштерінің оң қарқынын айрықша атап өтті.
– Бес жыл ішінде 1,7 миллион шаршы метр тұр­­ғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үй құры­лы­сының қарқыны жөнінен бұл өңір республи­када төртінші орында, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті Қарағанды өңірінің елі­міздегі ең урбанизацияланған аймақ екенін айтып, об­лыстағы барлық елдімекенде әлеуметтік инфра­құры­лымды ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.
Мемлекет басшысы еліміздің көлік-транзит әлеуе­тін пайдалануға және тұрғындардың әл-ауқа­тын арттыруға бағытталған стратегиялық даму бағ­дар­­ламаларын одан ары іске асыру мәселелеріне ерек­ше назар аударды.
Елбасы Қарағанды облысы әкімінің баян­дама­сын тыңдап, жұртшылық өкілдерімен әңгімелескен соң, өңірдің экономикалық өсімін одан ары қам­та­ма­сыз ету жөніндегі бірқатар басты міндеттерді ше­шу қажеттігін айтты.
Сонымен қатар Қазақстан Президенті тұрғын­дар­ға жағдай жасау және олардың әл-ауқатын жақ­сарту үшін кәсіпорындардың әлеуметтік жауап­кер­шілі­гін арттыру қажеттігі жөнінде айтты.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев неғұрлым сұра­нысқа ие әрі импортталатын тауарлар өндіру ісін реттеп, көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуды тап­сырды.
– Ірі 4 кәсіпорында Индустрия 4.0 элементте­рін ен­гізу жоспарланып отыр, ал 2 кәсіпорын «модельді цифрлы фабрика» ретінде айқындалды. Робот­тан­дыру, жасанды интеллект, өнеркәсіптік интернет кә­сі­порындарға еңбек өнімділігі мен өнімдерінің бәсе­кеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл жұмыстар тұрақты жүргізілуге тиіс, – деді Елба­сы.
Сонымен бірге, Қазақстан Президенті көрсе­тіле­тін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру ба­ғы­тындағы жұмыстарды жандандыруды және Қарағанды қаласын дамытудың ұзақмерзімді стра­тегиясы мен оны іске асыру жөніндегі жол картасын әзір­леуді тапсырды.
Нұрсұлтан Назарбаев ел экономикасындағы биз­нестің маңызды рөлін атап өтіп, Қарағанды об­лысында Бизнесті дамыту картасын әзірлеуді, Нә­ти­желі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы мен 2020 жылға арналған бизнестің жол картасы аясында тұрғындарды кәсіпкерлікке белсенді тартуды тапсырды.
Кеңес барысында мемлекет-жекеменшік әріп­тес­тік форматындағы жаңа жобалар әзірлеу жүк­тел­ді.
Мемлекет басшысы Бес әлеуметтік бастаманы іске асыру мәселелерін арнайы атап өтіп, оның одан ары сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тап­сырды. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев жоғары білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй құрылысы жә­не облыстың туристік әлеуетін дамыту сапасына қа­тыс­ты проблемаларды шешу жоспарына тоқтал­ды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы ауыл тұр­ғын­дарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету қа­жет­тігін айтты.
Басқосу барысында жылумен қамту, өңірдегі эко­ло­гиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жа­сыл технологияны енгізу мәселелеріне де ерекше на­зар аударылды.
– Бір жылда өнеркәсіп кәсіпорындарынан ауаға 600 мың тоннаға жуық зиянды заттар шығарылады. Бұл – республиканың қоршаған ортасын ластайтын зат­тардың төрттен бір бөлігі. Әкімдікке Үкіметпен бір­лесе отырып, облыстағы экологиялық жағдайды жақ­сарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тап­сырамын, – деді Қазақстан Президенті.
Жиын соңында Мемлекет басшысы халықтың бірлігін нығайту жолындағы еліміздің жетістік­теріне тоқ­талып, облысты одан ары дамыту үшін мемле­кет­тік бағдарламалардың жүзеге асырылуы­ның маңызы зор екенін айтты.

Лəззат Қожахметова
Қарағанды облысы

Бөлісу:

Пікір жазу


*