Неймар Роналдуға пародия жасады (видео)

370
0
Бөлісу:

Футболдан Бразилия құрамасы мен француздық «Пари Сен-Жермен» клубының шабуылшысы Неймар португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдуға пародия жасады.

«РЕАЛ» РОНАЛДУДЫҢ ОРНЫН БАСАТЫН ОЙЫНШЫ ТАПТЫ (ВИДЕО)

Бразилия ұлттық құрамасының жаттығуларының бірінде Неймар айып добын дәл орындап, гол соққаннан кейін алаңды айнала жүгіріп, Роналдудың стилінде гол соққанын тойлаған. Ол әуеге қарай секіріп, екі аяғын талтайта тұра қалған.

САМАТ СМАҚОВТЫҢ ҚОШТАСУ МАТЧЫ ӨТТІ (ВИДЕО)

Неймар қазіргі уақытта Бразилия құрамасымен бірге жаттығу жұмыстарын жүргізуде. Жақын күндері құрама АҚШ және Сальвадор ұлттық құрамаларымен жолдастық кездесу өткізеді.

Ал Роналду Португалия құрамасына шақырту алған жоқ. Бұған футболшының «Ювентуста» әлі де адаптация кезеңінде жүргені әсер етсе керек. Шабуылшы «Ювентус» сапында үш матчқа шыққанына қарамастан, ресми кездесулерде әлі бір гол салмады. Ал жолдастық кездесуде бір мәрте мергендігімен көзге түскен. Ал кеше Португалия құрамасы Хорватия құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп, матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Алдымен Хорватия жартылай қорғаушысы Иван Перишич есеп ашып, командасын алға шығарса, біраз уақыттан соң Португалия құрамасының қорғаушысы Пепе баспен гол соғып, есепті теңестіріп кетті.

ДАВИД ЛОРИЯ «ҚАЙРАТҚА» ҚАЙТЫП КЕЛДІ

Роналду 10 шілдеде корольдік клубпен келісімшартын үзіп, туриндік клубқа ауысты. 33 жастағы шабуылшының трансферлік құны 112 миллион еуроға бағаланған. Келісімшарт бойынша Криштиану жаңа командасы сапында төрт жыл ойнамақ.

Сондай-ақ биыл Неймардың мадридтік «Реалға» ауысуы туралы да біраз алып-қашпа сөз шыққан. 26 жастағы футболшының өзі де «Реалға» ауысуға кет әрі бола қоймаған сияқты. Бірақ бас бапкер Зинедин Зиданның клубтан кетуі Неймардың да жоспарын бұзып жіберді деген болжамдар айтылады.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*