Серік Қонақбаев AIBA президенттігіне ұсынылды

542
0
Бөлісу:

Қазақстан бокс федерациясы Серік Қонақбаевтың кандидатурасын Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының президенттігіне (AIBA) ұсынды. Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.

ГОЛОВКИН ҚАЗАҚСТАН ӘНҰРАНЫН ОРЫНДАУДАН БАС ТАРТТЫ МА?

AIBA-ның президенті мен атқарушы комитетінің мүшелерін сайлау Мәскеуде 2-3 қарашада өтетін конгресс отырысында өтуі тиіс. Қауымдастық президенті қызметін 2018 жылдың қаңтар айынан бері өзбекстандық Ғафур Рахимов уақытша атқарып келе жатыр. Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Бекжан Бектеновтың айтуынша, қазіргі таңда ұйым Қонақбаевтың кандидатурасын қолдауға шет елдерден қолдау күтуде. «AIBA-ның бекітілген ережесіне сәйкес біздер өзіміздің бастамамыз туралы барлық ұлттық федерацияларды хабардар еттік, енді олардан жазбаша жауап күтеміз. Одан кейін құжаттар пакетін AIBA-ның штаб-пәтеріне жолдаймыз. Құжаттар тексерілгеннен кейін бұл туралы халықаралық қауымдастықтың ресми сайтында жазылады» деді ол.

ҚУАТ «НАЙМАН» ХАМИТОВ ОТАНДЫҚ ФУТБОЛДЫ ТАҒЫ ДА СЫНҒА АЛДЫ

58 жастағы Серік Қонақбаев елімізге және әлемге танымал бұрынғы боксшы. Ол 1980 жылы Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдесін иеленген. 1982 жылғы әлем чемпионатында да күміс алқа таққан. 1979, 1981 жылдары Еуропа чемпионы және әлем кубогының иегері атанды. Кәсіби мансабын аяқтағаннан кейін ол Парламент мәжілісінің үшінші шақырылымының депутаты болып еңбек етті. 1992-2007 жылдар аралығында 15 жыл бойы Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясын басқарды. 2010 жылы AIBA атқарушы комитетінің мүшелігіне енді. Ал 2014 жылдан бері AIBA вице-президенті және Азия конфедерациясының президенті қызметін атқаруда.

ИЛЬЯ ИЛЬИН ЧЕМПИОН АТАНҒАННАН КЕЙІНГІ ӘСЕРІМЕН БӨЛІСТІ (ВИДЕО)

Еске сала кетсек, 2017 жылдың шілде айында AIBA атқарушы комитетінің 13 мүшесі қауымдастық президенті Чинг Куо Вуға сенімсіздік танытып, оның қызметіне қарсылық білдірген еді. Ву бұл қызметті 2006 жылдан бері атқарды. Оның биліктен кетуіне ұйымдағы қаржылық проблемалар себеп болған.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*