ЕЛБАСЫ БЕЛГІЛЕГЕН МІНДЕТ ТЕР

354
0
Бөлісу:

Мәжіліс төрағасының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетекшісі Г.Исимбаеваның төрағалығымен фракция жиналысы өтті. Ол фракцияның үшінші сессиядағы жұмысының қорытындысына және Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Назарбаевтың VI сайланған ел Парламентінің жаңа, төртінші сессиясының ашылуында қойған негізгі міндеттеріне арналды.

Фракция жетекшісі Г.Исимбаева өзінің кіріспе сөзін­де партия лидері Н.Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында қалау­лылардың Үкіметпен ұтымды өзара қатынасты жолға қойғанын айта отырып, алтыншы шақыры­лымның депутаттық корпусының жұмысына жоғары баға бергенін атап көрсетті.
Сондай-ақ ол палатаның жаңа сессиядағы бірінші жалпы отырысы барысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төртінші сессияның ашылуында Елбасы қойған кеңауқымды міндеттерді орындау бойынша алдағы жұмыстың барлық бағытын, сондай-ақ жалпы заң шығару жұмысындағы негізгі басымдықтарды нақты анықтап бергеніне назар аудартты.
Г.Исимбаеваның айтуынша, депутаттар Қазақстан Прези­ден­тінің бес әлеуметтік бас­та­­масын және Жолдауын заң­­­на­­ма­лық қамтамасыз етуді жал­ғастыратын болады. Сонымен бірге, депутаттар жаңа міндеттердің жүзеге асуы үшін барынша күш салады.
«Біз, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері, қол жеткізген межені және деңгейді төмендетпей, заңнамалық және депутаттық қызметті әрі қарай жалғастыруымыз керек. Елбасы тапсырмаларының мүлтіксіз әрі уақытылы орындалуын қам­та­масыз ету біздің заң шы­ғару және депутаттық қызметі­міздің негізгі міндеті. Алға қойылған мін­дет­тер­дің барлығы еліміздің одан әрі үдемелі әлеуметтік-эконо­микалық дамуына және азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға бағытталған» деді вице-спикер Г.Исимбаева.
Ел Президенті белгілеген міндеттер заңнамалық тұрғыдан барынша толық, баянды қамта­масыз етілуі үшін фракция нақ­ты іс-қимылдар жоспарын түзді. Елбасы тапсырмалары жоғары деңгейде орындалуы үшін енді олар жұмыс жос­па­­рында нақтыланып, фрак­­ция жанындағы кеңестер­дің, комиссиялардың жиналыс­тарында, сарапшылық топтардың жұмыстарында талқыланып отырады және заң жобаларында көрініс табады.
Жиналыста фракцияның III сессиядағы жұмысының қорытындылары мен фракция мүшелері үшін IV сессияда бел­гіленген негізгі міндеттер туралы фракция жетекшісінің бірінші орынбасары А.Базарбаев сөз сөй­леді. Оның мәліметінше, «Нұр Отан» партиясы төраға­сы­­­ның тапсырмаларын және же­­текші партияның «Қазақ­стан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасын тиімді орын­дау – фракция жұмысын­да­ғы басты бағдар болып қалады.
Жиналыс барысында ашық тал­қылау кезінде депутат­­тар, фракция мүшелері Н.Сабильянов, С.Омаров, Б.Мамраев, З.Аманжолова, Б.Оспанов және басқалары. Ел­басы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген басымдықтарды заң­намалық қамтамасыз ету мәсе­лелері бойынша өз ұсыныс­тарымен бөлісті.
Жиналыс жұмысына қатыс­қан «Нұр Отан» партиясының хат­шысы Ф.Қуанғанов пар­тия­­ның көшбасшысы Н.Назарбаевтың VI сайланған ел Пар­ламентінің төртінші сессиясының ашылуында қой­ған негізгі міндеттерін жүзеге асырудағы партияның орталық аппараты мен фракциясының алдағы уақыттағы бірлескен жұмысына тоқталды. Сондай-ақ депутаттық корпусқа 2019 жылы партияның 20 жылдығын атап өту бойынша жоспарланған маңызды іс-шаралары туралы айтып берді.
Жиналыстың қорытындысы бойынша төртінші сессияға арналған Іс-шаралар жоспарын бекіту бойынша фракция қау­лысы қабылданды.
Жиналыс жұмысына «Нұр Отан» фракциясының мүшелері болып табылатын Мәжіліс де­путаттары және Қазақстан халқы ассамблеясының депу­тат­тық тобының мүшелері қатысты.

Елдос СЕНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*