Алтай ауылы елшілікке алғыс білдірді

645
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астананың 20 жылдығына орай Жамбыл облысы Шу ауданының «Əсем əуен»  фольклорлық ансамблінің гастрольдік сапары Нигде қаласының Бор муниципалитетінде жалғасты.
Шығармашылық делегацияны күтіп алған Бор муниципалитеті  мәдениет басқармасының басшысы Мехмет Баш тарихи орындарды аралатып, көне Тиана қалашығы аспан асты музейімен таныстырды.
Кешкісін 5 мың орындық амфитеатрда өткен концертке жақын маңдағы Алтай қазақ ауылының тұрғындары арнайы келді. Сондай-ақ Қазақстанның Түркиядағы елшісі Абзал Сапарбекұлы, Нигде қаласының мэрі Йылмаз Шимшек, Бор муниципалитеті  мэрі Сыткы Ерат және басқа да лауазымды тұлғалар мен БАҚ өкілдері қатысты.

 

Қаншайым БАЙДƏУЛЕТ

(Толығырақ «Айқын» газетінен оқисыздар)

  

Бөлісу:

Пікір жазу


*