Синоптиктер ескертеді

288
0
Бөлісу:

«Қазгидромет» мамандары 10 қыркүйекте елімізде ауа райының қандай болатынын айтып, кейбір облыстарға қатысты ескеру жасады. Мамандар атмосфераның құбылуына байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауап, найзағай ойнайтынын ескертеді. Батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста ауа райы өзгермейді. Жауын-шашын болмайды. Кей жерлерде желдің күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Ал түнде және таңертең солтүстікте, орталықта, шығыста тұман түсуі әбден мүмкін.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел күшейеді. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік Қазақстанда күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола, Қостанай облыстарының кейбір аймақтарында найзағай ойнап, жел күшейеді. Қызылорда облысында күшті жел соғып, шаң көтіреледі. Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кейбір аумақтарында өрт қаупі сақталады.

Мамандардың мәліметінше, 11-12 қыркүйек күндері түнде Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында, 12 қыркүйекте түнде Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын болады. Қар жаууы да мүмкін. 1-3 градус үсік күтіледі. Астанада 11 қыркүйек түні аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), 3 градус үсік жүреді.

Жолдасбек ДУАНАБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*