Түнде баланы кім тастайды?

531
0
Бөлісу:

Рудный қаласында кеше шамамен 23.00-де жанармай құю бекетінің артқы жағындағы бұта арасынан дүниеге келген нәресте табылды. Бұл туралы «Қостанай жаңалықтары» хабарлады.

Дәрігерлердің айтуынша, нәрестенің денсаулығы «қанағаттанарлық». Баланың салмағы – 3 келі. Қызылшақа Рудный перзентханасына жеткізіліп, тосын оқиғаға қатысты құзырлы орындар тергеу шараларын бастады.

Иә, елімізде нәрестені далаға тастап кету құпия құбылыс емес. Осындай қатыгездікке аналар қалай баратыны жұртты ойға қалдырады. Түнде далада қалған баланың да қатыгез анасы жедел іздестіріліп жатыр. Ол кім болды екен?

Жолдасбек ДУАНАБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*