KASE индексі 3 ай қатарынан құлдыраған

317
0
Бөлісу:

KASE индексі жаздың үш ай қатарынан құлдырады. Соңғы рет аталмыш көрсеткіш үш ай қатарынан 2015 жылы тіркелген екен. Тамыз айының қорытындысы бойынша KASE индексі 130,6 нүкте жоғалтып, 5,5 пайызға жеткен. Үш айдың қорытындысы бойынша, құлдырау 271,4 нүктеге немесе 10,8 пайызды құрады деп хабарлайды Қазақстан қор биржасы.

Қазақстан қор биржасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2018 жылдың тамыз айындағы KASE сауда-саттық жиынтық көлемі 9,6 трлн теңгені құрап, алдыңғы аймен салыстырғанда 0,5 % немесе 48,8 млрд тенге теңгеге төмендеді. Сондай-ақ, бағалы қағаздар нарығындағы акциялар секторында өсім 13 пайызды құрап, мемлекеттік бағалы қағаздар 15,2 % артқан. Ал Корпоративтік қарыз көлемі айналымда 14 % өсіп, 9 трлн теңгеге жетті.

Тамыз айында KASE ресми тізіміне үш жаңа эмиттенттің бағалы қағаздары енгізілген. Олар:  «Казхром» «Трансұлттық компаниясы», «Азия Life» өмірді сақтандыру компаниясы» және «Лизинг Групп» АҚ. Осылайша KASE сауда-саттығына 153 эмитенттің 380 атаулы бағалы қағаздары қол жетімді болды.

Алғашқы нарықта мемлекеттік бағалы қағаздар  көлемі 13 есе өсіп, 9,1 млрд теңгеге жетсе, МБҚ нарығында 7,8 % және 178,8 млрд теңгені құрады. Бірінші қыркүйектегі деректер бойынша, Орталық депозитарийде жеке тұлғалар ашқан 110 603 жеке шоттар тіркелді, бұл көрсеткіш  алдыңғы аймен салыстырғанда, 610 шотқа артық.

Бөлісу:

Пікір жазу


*