АҚСУДА ІТ СЫНЫП АШЫЛДЫ

146
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Гүлнар Тойлыбаева, Ақсу аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Әділбек Далбағаев пен Аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Күләйхан Тұрсынбекова және «Шоңай батыр» бастауыш партия ұйымының төрағасы Рахат Ибраймованың қатысуымен Е. Сихымов атындағы орта мектеп базасында ІТ сынып ашылды.

Е.Сихымов атындағы орта мектеп база­сында «Балаларға арналған ақысыз ІТ сынып» жобасы бойынша ашылған сынып 150 балаға заманауи ақпараттық технологияларды үйретуге арналған. Робототехниканы 75 оқушы меңгерсе, ІТ саласы бойынша 75 оқушы тегін білім алатын болады. ІТ сыныпта бағдарламалау және робототехниканың негіздері туралы дәріс беріледі.
«Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Гүлнар Тойлыбаеваның айтуынша, робо­техника және ІТ бойынша сыныптарды көптеп ашу жастардың бүгінде үлкен сұра­нысқа ие мамандықтарды оқушы кезден меңгеруіне, өздерінің бойындағы қабілеттерін одан ары ұштап аудандық, облыстық, респуб­ликалық деңгейдегі түрлі жобалар мен бай­қауларға қатысуына жол ашады. Осындай сынақтарда оза шапқандар мектеп бітіргенде мамандықты да адаспай таңдап, қалаған оқу орнына қиналмай түсетін болады. Ал өз кезегінде мықты мамандар еліміздің дамыған 30 елдің қатарына қосылуына және халқымыз­дың әлемдік бәсекеге қабілеттілігін күшей­туіне өз септігін тигізеді.
«Нұр Отан» партиясы Ақсу аудандық филиалында 3435 партия мүшесін біріктіретін 21 бастауыш партия ұйымы бар. Солардың ішінде көш басында келе жатқан «Шоңай батыр» бастауыш партия ұйымы.
«Біз таңдаған «Нұр Отан» – жаңашыл бастамалардың, озық идеялардың, биік пара­саттылықтың партиясы екеннін сөзбен емес, іспен дәлелдеп келді. Партия өз қызметін алға жылжыған жылдармен бірге жетілдіріп келеді. Биыл жаңғырту бағытындағы жұмыстарды жалғастыру мақсатында 22 жаңа жобаны қолға алды. Бүгінгі заман талабынан туын­даған маңызды жобалар «Шоңай батыр» бастауыш партия ұйымында да еркеше қолдау тауып, ретімен жүзеге асырылуда. Соның жарқын дәлелі – бүгін ашылып отырған ІТ сынып. Біз алдағы уақытта бағдарламалау мен робототехника негіздерін тереңдетіп мең­герген жастарды техникалық мамандықтарға баулуды қолға алмақпыз. Игі істің келешегі кемел боларына сенімдімін» дейді «Шоңай батыр» бастауыш партия ұйымының төрағасы Рахат Нығметбекқызы.

Алматы облысы


Болат АБАҒАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*