КОВОРКИНГ ОРТАЛЫҒЫ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

207
0
Бөлісу:

Атырау қаласында алғаш рет мектеп жанынан балалар коворкинг орталығы ашылды. «Нұр Отан» партиясы Атырау об­лыстық филиалының қолдауымен №2 мектеп базасында бой көтерген орталық зама­науи үлгіде жабдықталған. Мұнда балалардың бос уақытын тиімді өткізу­леріне барлық жағдай қарас­тырылған. Алдағы уақытта бұл жерде балалар мен ата-аналарға арналған түрлі тренингтер мен интеллектуалдық сайыстар мен сабақ­тар ұйым­дастыру жоспарланып отыр. Айта кету керек, өңірде бұдан басқа «Қазақстан кітапханалары – Білім орталықтары» партиялық жоба аясында 10 кітапхана жанынан коворкинг орталықтары ашылған.

Балалар орталығының ашылуына өңірге белгілі меценат, Атырау қалалық мәс­ли­хатының депутаты Әлібек Семғалиев демеушілік етті. Мектеп, кітап­­xана­лар жанынан балалар коворкинг орталықтарын ашу қазіргі заман талабы. – Бұл демалыс аймақтары балалардың ой-өрісін, шығармашылығын дамытуға бағытталған. Ең бастысы – орталықта түрлі танымдық шаралар мен еркін форматтағы басқосулар өткізу арқылы балалардың өзара қарым-қатынастарын нығайтуға жағдайлар жасалған. Айта кету керек, бұл әзірге Атырау қаласындағы мектеп жанынан ашылған алғашқы орталық, алдағы уақытта нұротандық­тардың қолдауымен олардың саны артады деп күтілуде, – дейді Әлібек Семғалиев.
Мектеп жанынан коворкинг орталығы бой көтергеніне ата-аналар да дән ри­за. №2 мектепте үш бірдей баласы оқи­тын Райгүл Әлімжанова білім оша­ғында бала­­лардың бос уақытын тиімді өткізетін орынның ашылуын нұротандықтардың болашақ ұрпаққа деген қамқор­лығы деп түсінетінін айтты.

Нұржан ДУМАНҚЫЗЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*