ЕҢ ТИІМДІСІ – ЦИФРЛЫ ҚОЛТАҢБА

308
0
Бөлісу:

Ақтөбе облысының жастары партия филиалында бас қосты. Жастарға «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы түсіндіріліп, бағдарлама аясында Ақтөбе облысында жүзеге асырып жатқан жоба­лар туралы ақпарат берілді.

«Жас Отан» Жастар қанатының Ақтөбе облыстық филиалы іс-шараны еркін фор­матта ұйымдастырды. Жастар кездесу бары­сында цифрландыру тақырыбында сұрақ­тар қойып, өздеріне қажетті ақпарат алды.
«Жүргізілген сауалнама бойынша жастардың мемлекеттік бағдарламаларды білу деңгейі төмен екендігі анықталды. Сондықтан пилоттық жоба қолға алынып, біз республика бойынша екінші болып жүзеге асырып жатырмыз. Болашақта бар­лық мемлекеттік бағдарламаларды жастар арасында түсіндіру жұмыстары жалғасады» деді «Жас Отан» ЖҚ Ақтөбе облыстық филиалы төрағасы Асылжан Бүркіталин.
Облыстық халыққа қызмет көрсету орталығы өкілдері жастарға электронды цифрлы қолтаңбаны қолдану туралы ақпарат беріп, egov порталы көрсететін қызметтер жайлы толық айтып берді.
«Бүгін біз жастарға электронды цифрлы қолтаңбаны қалай қолдану қа­жет­тігін, мемлекеттік қызмет түрлерін алу жолдарын түсіндірдік. Өйткені қазір жоға­ры оқу орындары цифрлы қол­таңбаны сұратып жатыр. Жастар бүгінгі кездесуден кейін цифрлы қолтаңбаны ары қарай өз бетімен қолдана алатынына сенімдімін» деді халыққа қызмет көрсету орталығының өкілі Әсел Мұстафина.
Ал Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы басшысының орынбасары Алмас Салық­баев мемлекеттік бағдарлама Ақтөбе облы­сында 3 бағыт бойынша жүзеге асыры­лып жатқанын айтты. Ол ауыл-аймақты кеңжо­лақты интернетпен қамта­масыз ету, экономиканың басым салаларына цифрлы технологияны енгізу, халықтың цифрлы сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарға кеңірек тоқталды.
Сондай-ақ іс-шараға Ақтөбе облы­сы­ның ақпараттандыру және сыртқы байла­ныс­тар басқармасы басшысының орын­ба­са­ры Алмас Салықбаев, «Қазпошта» АҚ дирек­торының орынбасары Қасыбек Бөлекбай, облыстық халыққа қызмет көр­сету орталығының өкілі Әсел Мұс­та­фи­на, Ауыл шаруашылығы басқар­масының бөлім басшысы Батырбек Шамилев қатысты.

Еңлік ЕРҒАЛИҚЫЗЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*