ТАЛҚЫЛАУҒА ТҮСКЕН ҚҰЖАТ

186
0
Бөлісу:

 Үкімет үйінде Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Өнеркәсіптік даму жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында индустриалды даму саласындағы мемлекеттің ұзақмерзімді әрі жүйелі саясаты талқыланды. 

Атап айтқанда, комиссия мүшелерінің қарауына 2020-2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму тұжырымдамасы ұсынылды. Инвестициялар және даму министрі Ж.Қасымбектің айтуынша, жоба Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында алға қойылған міндеттерге сәйкес және Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының негізгі талаптарына негізделіп дайындалған.
Мәлім болғандай, елімізде 2010 жылдан бастап, экономиканы әртараптандыру және шикізат бағытынан шығу жолымен еліміздің тұрақты дамуына қол жеткізуге бағытталған индустриалды саясат жүргізіліп келеді. 2019 жылы индустрияландырудың екінші бесжылдығы аяқталады. Үшінші бесжылдықтың талқыланып жатқан тұжырымдамасында отандық өңдеу өнеркәсібінің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін ынталандыруға жағдай жасауды анықтау ұсынылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін қазақстандық тауарларды сыртқы нарықтарға шығару, индустрияландыруды тереңдету, негізгі салаларды нығайту секілді міндеттерді шешу қажет. Индустрияландыру саясаты сабақтастықты сақтап, өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталатын болады.
Отырысқа салалық қауымдастықтардың өкілдері де қатысты.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*