ШЕТЕЛГЕ ШЫҒУ ЖЕҢІЛДЕЙДІ

403
0
Бөлісу:

Қазақстан азаматтары өзге елдердің шекарасынан өтуі жеңілдейтін болды. «Тұлғаны куәландыратын құжаттар жөнінде» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатына ата-аналарымен бірге шетелге шыққан 16 жасқа дейінгі балалардың суретімен бірге олар туралы жазба енгізілуі мүмкін. Бұған дейін шекарадан өту үшін ата-аналардың төлқұжат­тарына 16 жасқа дейінгі бала­лар­дың суреттерін жабыстырып келген еді. Жаңа өзгерістер 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Еңбек демалысына шыққан немесе туристік мақсатта шетелге баратын отандастарымыз үшін бұл машақатты тірлік болатын.
Әлемдегі лаңкестік пен экстремизм қаупінің күшеюіне байланысты көптеген елдер шекараларынан өткізу тәртібін қатайтуға мәжбүр. Шенген аймағындағы Еуропа елдері, АҚШ, БАӘ елдерінің талабы қатал. Сшекарасынан өту үшін ата-анасымен бірге елден сыртқа шығатын 16 жасқа дейінгі балалардан Қазақстан Республикасының азаматы екенін растайтын құжаттың болуы міндетті түрде болып келді.
Ішкі істер министрлігі Қазақстан азаматтарына өзге елдердің шекараларын оңайлықпен өтуге мүмкіндік жасау үшін ата-аналардың төлқұжаттарына 16 жасқа дейінгі балалардың суреттерін жабыс­тыруға тыйым салуды қарастыратын заңға өзгеріс жасауды ұсынады. Енді басқа елдің шекарасынан өту үшін балаларға жеке төлқұжат жасалуы керек.

Асқар АХМЕТОВ

Бөлісу:

Пікір жазу


*