ҚЫЗЫЛОРДАДАҒЫ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫС

233
0
Бөлісу:

Президент Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы аясында білім беру және денсаулық сақтау саласындағы мемле­кет­тік-жекешелік жөніндегі ұлт­тық заңнаманы жетілдіру мә­селе­лерін зерделеу үшін Пар­ламент Сенатының Әлеу­меттік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитеті Қызылорда облы­сында көшпелі отырыс өткізді.

Депутаттар Қызылордаға са­пардың алғашқы күні «Нұр­шұғыла», «Сыр Балажан», «Жетіқазына», «Сыр еркесі» және «Бегім ана» мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің қызметімен танысты.
Жиынды комитет төрағасы Б.Әй­тімова ашты. Ол өз кезегінде Мемлекет басшысының Жолдауы­на сәйкес мем­лекеттік-жекешелік әріптестік негізінде тұрғын үй-коммуналдық инфрақұры­лымды жақсарту мәселелерін жедел шешудің маңыздылығын атап өтті.
Бүгінде денсаулық сақтау саласында республикалық үш мемлекеттік-же­кешелік әріптестік жобалары әзірленуде. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары О.Әбішев хабарлады.
Комитет отырысына Қызылор­да облы­сының әкімі Қ.Көшер­баев, Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, Ұлттық экономика министрліктерінің, «Қазақ­станның мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» акционерлік қоға­мының, облыстық бас­қармалар мен департаменттердің өкілдері, қала әкімдіктерінің бөлімдері және облыс аудан­дарының басшылары қатысты.
Басқосудан соң депутаттар облыстық медицина орталығында, емханада, диаг­ностика бөлімінде, Қазақ гумани­тарлық заң және техникалық колледжінде, «Тарлан» денешынықтыру-сауықтыру ор­талығында болып, Қорқыт ата атын­дағы Қызылорда мемлекеттік универ­ситетінің профессорлық-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесті.
Сенаторлар сондай-ақ Сыр­дария ауданында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті қолдана отырып, табысты қызмет етіп келе жатқан Н.Ильясов ауылдық округінің жұмысымен танысты.

Әбілмансұр ЖАСАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*