Медицина ұйымдарына 497,5 млрд теңге аударылды

286
0
Бөлісу:

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» жыл басынан бері Қазақстандағы медицина ұйымдарына 497,5 млрд теңге көлемінде қаржы бөлді. Бұл туралы МСҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ботагөз Жақселекова хабарлады.

Аталған қаржы кепілдендірілген көмек шеңберінде халыққа тегін қызмет көрсеткен емдеу мекемелеріне 6 қыркүйекке дейін аударылған. «Бұл – кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 65 пайызы», – деді Ботагөз Жақселекова.

– Жұмыс кестеге сай, медициналық қызмет сапасын бақылаудың жаңа талаптарына сәйкес жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті, – деді Б.Жақселекова.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетуге ниет білдірген 1365 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 623-і – жеке меншік клиникалар. Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салыстырғанда 158-ге көбейген. Ал, олармен бекітілген келісімшарт сомасы өткен жылғыдан 2 есе артып, 110,6  млрд теңгені құрады.

 

А. Алтай

Бөлісу:

Пікір жазу


*