Тасымалдаушыларға 52,6 миллион теңге айып салынды

288
0
Бөлісу:

Инвестиция және даму министрлігінің  Көлік комитетінде 2018 жылдың өткен мерзімі бойынша жолаушылар пойыздарының Ұлттық стандартты және субсидиялау келісім-шарттарын ұстану тексерістерінің нәтижелерін қорытындылады.

Инвестиция және даму министрлігінің  баспасөз қызметінің мәліметінше, комитет барлығы 8 тасымалдаушының 101 құрамын тексерді. Маршрутты дамыту шарттарын орындамау, ауа баптау жүйесі мен басқа да жабдықтардың ақаулары, вагондардағы санитарлық жағдайдың төмендігі, төсек жабдықтарының кір болуы сияқты жиі кездесетін кемшіліктер анықталған.

Компанияларға төленген субсидияларды қайтару бойынша 52,6 млн теңгеден астам сомаға санкция салынды.Барлық тасымалдаушыларға анықталған ескертулерді жою жөнінде нұсқау берілді.

Еркін ҚАЛДАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*