Жылу маусымы – министрліктің бақылауында

198
0
Бөлісу:

Биыл республика мекмелері қысқа  дайын ба, жылу маусымы қалай өтеді? Бұған қатысты Энергетика министрлігі мамандарының уәжі қандай? Аталған сауалдарға Орталық коммуникациялар қызметінде «Жылыту маусымына дайындық барысы туралы» тақырыбына арналған баспасөз маслихатында толыққанды жауап берілді.

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев  алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысы министрліктің тұрақты бақылауында болатынын айтты.

Энергетика мен инвестициялар және даму министрлерінің бірлескен бұйрығымен, 2018-2019 жылдардағы жылу беру маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін, дайындықты бақылау, жылу маусымын өткізу, электр станцияларын, коммуналдық секторды және халықты көмірмен қамтамасыз ету үшін штаб құрылды. Штабтың құрамына министрліктер мен әкімдіктердің жауап тұлғалары енген. Бұйрық шеңберінде Энергетика министрлігіне күзгі–қысқы кезеңге дайындалу мен өту мониторингін және елдің электр станцияларында отынның нормативтік қорын жинақтауды күнделікті негізде қамтамасыз ету бекітілген. Инвестициялар және даму министрлігі апталық негізде көмір өндіретін ұйымдардан көмір өндіру мен тиеуге, көмірді коммуналдық-тұрмыстық секторға және халыққа тиеп-жөнелтуге, ұсынылған өтінімдерге сәйкес көмір тиеу вагондармен қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдану арқылы электр станцияларға, коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындарға және халыққа көмір тасымалдау мониторингін қамтамасыз етеді. Тамыздың ортасында жүргізіліп жатқан жұмыс аясында проблемалық мәселелерді қарастыру және олар бойынша шаралар қолдану бойынша облыстармен селекторлық кеңес өткізілді.

Бұдан басқа, Энергетика министрлігі Инвестиция және даму министрлігімен, әкімдіктермен және  «KEGOC» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ ұлттық компанияларымен бірлесе отырып ай сайын барлық энергетикалық кәсіпорындармен селекторлық кеңес өткізеді.

Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеудің бекітілген 2018 жылға арналған кестесіне сәйкес, алдағы 2018-2019 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңде еліміздің тұтынушыларын тұрақты энергиямен жабдықтау үшін, 8 энергоблокты, 56 энергетикалық қазанды және 45 турбинаны күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеуді орындау көзделіп отыр.  Ағымдағы күні электр станцияларында 4 энергоблок (жылдық көлемнің 50% -ы), 32 қазан (57%) және 24 турбина (53%) жөнделді. Бұл ретте турбиналар мен қазандар бойынша жұмыс қарқыны өткен жылғы деңгейден 10% – ға жоғары екендігін атап өтеміз. Өткен жылы осы кезеңде жыл жоспарынан қазандардың 47% – ы және турбиналардың 43% – ы орындалды. Турбиналар мен қазандықтар бойынша жұмыс қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға жоғары. Жөндеудің түрлі сатысында 4 энергоблокқа, 24 қазанға және 21 турбинаға жұмыс жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесін 2018-2019 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындау үшін электр желілерін дайындау үшін жалпыұзындығы 28 477 шақырым электр беру желілерін жөндеу жоспарланғанып отыр.

Электр станцияларының отын қоймаларында 3,3 млн тонна көмір мен 78 мың тонна мазут жиналған, бұл жалпы нормативтік көлемге сәйкес келеді. Жылыту маусымы басталғанға дейін көмір бойынша норматив Қөкшетау қаласының МКК «Көкшетау Жылу» № 2 қазандығында (20 тәулік норма ішінде 7 тәулік қалған) жасалатын болды.Орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағындағы қазандықтарында 1,1 млн тонна көмір, бұл жоспардың 84 пайызы екен.  Сондай-ақ  25 мың тонна мазут жиналды, бұл жоспардың 18% құрайды.

Солтүстік Қазақстан (жоспардың 16% -ы) және Павлодар (жоспардың 51%) облыстарында көмірді, ал Ақмола (2%) және Қарағанды (жоспардың 9%) облыстарында мазутты дайындау қарқыны арттыру қажет болып тұр. Дерекке жүгінер болсақ, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 8 айда 6,7 млн тонна көмір тиелгенін айта кету қажет.

Қазіргі уақытта көмір саласының мәселелері Инвестициялар және даму министрлігіне берілуде.

Еркін ҚАЛДАН, (Советбек МАҒЗҰМОВ, фото)

Бөлісу:

Пікір жазу


*