Бюджет қаражатын кім игермей жатыр?

529
0
Бөлісу:

Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев бюджеттік қаражаттарды игере алмай жатқан министрлерге талап қойып, уақытылы игеруін сұрады.

Мәселен, Қорғаныс министрлігінде игерілмей жатқан қаражат сомасы – 15,4 млрд теңгені құрайды.  Мәдениет және спорт министрлігі – 11,1 млрд теңгені, Ауыл шаруашылық министрлігі – 10,9 млрд теңгені, Ішкі істер министрлігі – 9,5 млрд теңгені, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі – 5,7 млрд теңгені уақытысында игере алмады.

Сондай-ақ, бірқатар облыс әкімдеріне де экономикалық өсім көрсеткіштерін жақсартуды тез арада қолға алуды тапсырды.

А. Беков

Бөлісу:

Пікір жазу


*