АҚШ ЕЛШІСІН ҚҰРМЕТТЕДІ

218
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Джордж Кролмен кездесті.

Мемлекет басшысы кездесу бары­сында Джордж Кролға Қазақстандағы жемісті еңбегі үшін ризашылық біл­діріп, дипломаттың екіжақты байла­ныстардың дамуына ерекше үлес қос­қанын атап өтті.
– Сіз жұмыс істеген уақытта елдеріміз арасындағы жемісті қарым-қатынастар нығая түсті. Қаңтар айындағы АҚШ-қа сапарым барысында президент Д.Трамп­пен кездестім. Біздің экономикалық ынтымақтастығымыз жаңа деңгейге көтерілді. Қол жеткізген барлық уағда­ластықтар табысты жүзеге асырылуда. Мұның бәрінде сіздің үлесіңіз мол. Сіз қазақ тілі мен мәдениетін насихаттап жүрсіз. Өзара қарым-қатынастарымыздың нығаюына зор еңбек сіңірдіңіз. Сізді Қазақстанның досы болып қала береді деп сенемін, – деді Елбасы.
Д.Крол Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық қызметіне жоғары баға бергені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдіріп, Қазақстандағы мәртебелі жұ­мысын зор жауапкершілікпен атқар­ғанын айтты. Елші, сондай-ақ атқарған қызметі­нің екі ел арасындағы қарым-қаты­настар­дың одан ары дамуына сеп­тігін тигізетінін тілге тиек етті.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Америка Құрама Штаттарының Қа­зақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Джордж Кролды дипломатиялық миссиясының аяқта­луына байланысты Қазақстан Рес­пуб­ликасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы бейбіт­шілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

Əбілмансұр ЖАСАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*