БАҒДАРЛАМА АРҚАСЫНДА БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

161
0
Бөлісу:

«Астанаводсервис» акционерлік қоғамындағы бастауыш партия ұйымы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қос палатаның бірлескен отырысында жариялаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» талқылады. Бұл басқосуға «Астанаводсервис» АҚ қызметкерлері, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалының өкілдері қатысты.

Бастауыш партия ұйымының төрағасы Башир Солсановтың Президент көтерген бастамалар халықтың әлеуметтік жағ­дайын жақсартуға бағытталғанын атап өтті. Мәселен, баспанаға қол жеткізу, жастарды сапалы біліммен қамтамасыз ету бастамасы жауапкершілікті талап етеді. Бастысы, осы бастаманы толықтай жүзеге асыру.
«Елбасының бес әлеуметтік бастамасы халықтың жағдайын жақсарту үшін жасалып отырған іс. Бұл еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі компоненттерінің бірі. Ең бастысы, біз болашақ ұрпақтың білімді болуына атсалысуымыз қажет. Бәсекеге қабілетті жастарды қалыптастыру арқылы дамыған 30 елдің қатарына қосылу мүмкіндігіне ие боламыз» деді Башир Уматгерейұлы.
Ол «7 – 20 – 25» бағдарламасының алғашқы нәтижесі туралы айта келе, Қа­рағанды, Солтүстік Қазақстан мен Батыс Қазақстан облыстарының тұрғындары бағдарлама аясында көптен бері ар­мандап жүрген баспанасына қол жет­кізіп, қоныс тойын тойлап жатқанын тілге тиек етті.
Қыс қыр астында тұр. Еліміздің орта­лық және солтүстік өңірлерінде күн суыта бастады. Сол себепті, бұл аймақта халық көмір алуға кірісті. Алайда отын жағатын кезде көмірдің бағасын күрт өсіретін әдет бар. Осыдан екі апта бұрын барлық ақ­парат құралдарында көмірдің аздығы туралы хабар таратылды. Алайда бұл ақпаратты Астананың экс-әкімі Әсет Исекешов жоққа шығарып, қоймада көмірдің толып тұрғанын жеткізді.
«Мұндай көрініс суық циклон ерте келетін орталық және солтүстік өңірлерде жиі кездеседі. Бұған басты себеп – газдың болмауы. Алайда Елбасының бес бас­тамасы арқасында бұл мәселе аз уақыт ішінде өз шешімін табатынына сеніммен қараймын» деді «Нұр Отан» партиясы Сарыарқа аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бағлан Әлімғазина.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан келген өкілдер өз кезегінде жыл басында зейнетақы жүйесіне енгізілген өзгерістер жайлы баяндады.

Астана

Халима БҰҚАРҚЫЗЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*