ИНТЕРНЕТ АКЦИЯНЫҢ ИГІЛІГІ

278
0
Бөлісу:

Отбасы күніне орай «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының ұйытқы болуымен барлық аудан-қалалық партия филиалдарында «Отбасын қолдау апталығы» республикалық акциясы аясында ізгі шаралар өткізілуде. «Мен бақытты отбасымын» тақырыбында болған интернет акцияларды да осынау игі істердің қатарына қосуға болады. Жалпы, «Отбасын қолдау» апталығы аясында тек акциялар ғана емес, ата-аналармен кездесулер, үлгілі отбасыларының тірлігімен танысу, жастармен дөңгелек үстел мен семинарлар ұйымдастырылуда.

Әлеуметтік желі арқылы өтізілген за­манауи форматтағы шарапатты шараларға аудан-қалалардағы жас отбасылар, жастар белсенділікпен қатысуда. Әлеуметтік желілерде үздік жарияланымдарымен көзге түскендер партия филиалдары тара­пынан естелік сыйлықтармен, алғыс­хаттармен марапатталды.
Көксу ауданында партиялықтар ак­ция­да белсенділік танытқан Мұқыры, Талапты, Айнабұлақ ауылдарында тұратын бірнеше отбасына «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Сарыбаевтың ар­найы алғысхаты мен сыйлықтарын та­быстап қайтты.
Ескелді аудандық партия филиалының қызметкерлері аталған акция аясында Н.Алдабергенов ауылдық округінің Жас­тар ауылына Ескелді аудандық партия фи­лиалы саяси кеңесінің мүшесі, аудан­дық мәслихат депутаты Қуат Алпысбаев­пен бірге барып, осы елдімекенде тұратын көпбалалы жас ана, «Алтын алқа» иегері Әйгерім Сәдуақасованы отбасы мере­кесімен құттықтап, арнайы сыйлық тапсырды.
«Отбасы құндылығы оның береке-бірлігінде. Қарыштап, тез дамып келе жатқан жаңа заманда жастарға осындай үлгілі аналарымыздың, көпбалалы отба­сыларының, оларда берілетін тәрбиенің үлгі-өнегесін көрсетуіміз керек. Балаларға өздеріне жақын әлеуметтік желі парақ­шалары арқылы үлгі болатын отбасылық құндылықтарды кеңінен таныстырып, насихаттасақ, олардың санасында отбасы мен үлкендерді құрметтеуге қатысты оң көзқарастың қалыптасуына ықпал етеріміз анық» дейді аудандық мәслихаттың депутаты Қуат Алпысбаев.

Алматы облысы

Болат АБАҒАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*