МАҚСАТ – КОМПЬЮТЕРДІ МЕҢГЕРУ

310
0
Бөлісу:

Атырау қалаласындағы Оқушылар орталығында ІТ сынып ашылып, компьютерлік бағдарламаларды меңгеруді мақсат еткен оқушыларға дәріс беріле бастады.

– «Нұр Отан» партиясының бастама­сымен балалар үшін IT сыныптың ашы­луы көшбасшы партиямыздың ерекше қам­қор­лығы деп білемін. Заман талабына сай ашыл­ған арнайы сыныпта 8 жастан 16 жасқа дейін балалар оқытылады. Қазір ар­найы кесте жасақтадық. 6 топта 12 баладан оқытылады, – дейді Оқушылар орталығы­ның директоры Айзада Түсіп­қалиева.
Махамбет ауданына қарасты Бейбарыс ауылының тұрғыны Исабек Бисенбай Атырау қаласындағы Оқушылар орталы­ғындағы үйірмелерге көптен келіп жүрген оқушы. Орталықта IT сынып ашылғанына куә болған Исабек Бисенбай компьютерді меңгеру арқылы түрлі ойындар, бағдар­ламаларды үйренуге мүмкіндік туғызған еліміздің бас партияға алғысын айтты. Оның айтуынша, арнаулы сыныптардың ашылуы заманауи білім алуға құлшын­дырып, ойлаған мақсаттарды жүзеге асыруға ынталандырады.
Балаларға арналған тегін ІТ сынып­тарын іске қосу үшін негізгі оқыту бағдар­ламасы ретінде арнайы британдық Love to code бағдарламалауының халықаралық білім франшизасы пайдаланылуда. Әр ІТ сыныпта дәріс беретін мұғалімдер, арнайы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мем­лекеттік университетінің базасында ашыл­ған «ІТ мамандарын даярлау орта­лығында» дайындықтан өткен.
Атырау облысы

Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*