ИГІ ІСТЕРГЕ ҰЙЫТҚЫ БОЛҒАН ҰЙЫМ

171
0
Бөлісу:

Ғұлама ғалым Қожа Ахмет Яссауи мен айтулы қазақ хандары мен батырларының рухы мәңгілікке байыз тапқан, Ұлы Жібек жолындағы жөні бөлек, жосығы ерек шаһар, Түркі әлемінің текті төрі – Түркістан қаласының облыс дәрежесіне ие болуы жетісайлық нұротандықтарға үлкен жігер-қайрат беріп, Елбасы бастамаларын жүзеге асырудағы жұмыстарында толағай табыстарға бағыт-бағдар берері баршамызға аян.

Сонымен бірге, халқымыздың ай­тулы арыстары арман еткен ұлы түркі елінің Меккесі саналған Түркістан ендігіде еліміздің экономикасы мен әлеуеті артқан беделді облыс орталығы болуымен қатар, тұтас мемлекетіміздің рухани астанасына айналатынына ешбір күмән келтіре алмаймыз. «Нұр Отан» партиясы әу бастан еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың экономикалық, әлеу­меттік және саяси салалардағы сая­сатын белсенді де жүйелі түрдегі жүзеге асырушы бірегей партия бола білді.
Елбасымыздың Жарлығымен Мақта­арал ауданы екіге бөлініп, бүгінгі Жетісай және Мақтаарал аудандары биік белестерге бет түзеді. Бұл жаңалықтар Мемлекет басшы­сының «Қазақстан – 2050» страте­гиясы, «100 нақты қадам» Ұлт Жос­пары, «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» атты бағдарламалары ар­қылы жүзеге асырылған жемістері мен жеңістері деп білеміз.
Ауданда алпыстан астам ұлт өкіл­дері тұрады. Олар Қазақстанға жемісті еңбек етуде. Өзбек, тәжік, славян, әзір­байжан, корей мәдени орталық­тары жұмыс істейді. Олардың барлығы да Елбасының экономикалық, әлеу­меттік, рухани салалардағы баста­маларын тек өткізілетін іс-шаралармен ғана емес, сөз бен істің бірлігімен, мақ­сатты да жүйелі, берекелі тірлік­терімен дәлелдеуде. Атқарылатын шаралар мен іс-қимылдарды бюро­краттық әр мен нәрден арылтуды бүгін­де басты назарда тұтудамыз. Пар­тиялық сипаттағы бүгінгі бет-бей­неміздің дәл осылайша болуы – бүгінгі уақыт талабынан туындауда.
Қазіргі таңда ауданда 34 бастауыш партия ұйымына қарасты 362 топта 13097 партия мүшелері есепте тұрады. Бұл көрсеткіш партия мүшелерінің сандық көрсеткішінің қазіргі таңда сапалық деңгейге көтерілгендігінің көрі­нісі деп аңғарамыз. Партия мүшелері Жарғыға сай ішкі тәртіпті жоғары деңгейде сақтайды. Онда көрсетілген міндеттер мен құқықтарды толық орындауға баса мән береді. Соның бірі – мүшелік жарна төлеу мәселесі дер едім. Бұл орайда аудандық партия филиалы соңғы он жылдың қорытындысы бойынша мүшелік жарналарды 105 пайызға орындаса, биылғы 6 айдың жоспары 109 пайызға орындалды.
Аудандық партия филиалының қо­ғам­дық қабылдау бөлмесі, тұрғын­дар­ды және олардың арыздары мен өті­ніштерін қабылдап, оны дер ке­зінде, уақтылы шешу мақсатында нәтижелі жұмыстар атқаруда. Жыл өткен сайын қоғамдық қабылдау бөл­месіне келу­шілер легі көбеюде. Егер алғашқы қа­был­дау бөлмесі ашылғанда қабылдауда бір жылда небәрі 66 адам болса, бүгінгі таңда олардың саны 900-ге жетті. Биыл 6 айда 333 арыз-өті­ніштің 278-і, яғни 84 пайызы оңтайлы шешілді.
Аудандық партия филиалының қабылдау бөлмесі «Ең үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» атты республикалық байқауына қатысып, 6 рет жеңімпаз атанды. Бастауыш партия ұйымда­рының жұмыстары әрдайым партия филиалының назарында. «Нұр Отан» партиясының бастамашыл жобалары аясында биыл қараша айына дейін 2 ІТ сыныптарын ашу жоспарлануда.
«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүм­кіндіктері» Жолдауын талқылау бойын­ша 4 үгіт-насихат топтары құры­лып, биыл 6 айда аудан көлемінде 53 рет бастауыш партия ұйымдары мен еңбек ұжымдарында насихаттау, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оған 7954 адам қатысты. «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуін тал­қылау бойынша, құрылған 4 үгіт-на­сихат топтары 34 рет насихаттау жұ­мыстарын жүргізіп, 18000-ға жуық тұрғындар мен партия мүшелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жал­ғасын табуда.
Қол жеткен табыстар мен алынған асулар береке-бірліктің арқасында деп ұғынамыз. Мұны көздің қарашығындай сақтау – бүгінгі ұрпақтың төл міндеті. Аудандық филиал осы міндетті жете түсінеді. Өз жұмысының басты бағдар­шамы деп сезінеді. Береке-бірлігі мен ынтымағы жарасқан мақтааралдық нұротандықтар оның орындалуына бақылауды қамтамасыз ету үшін, барлық күш-жігерін жұмсайды.

Әбдіманап БАЙДУЛЛАЕВ,
«Нұр Отан» партиясының
Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Бөлісу:

Пікір жазу


*