Сөзбен ой тоқыған жас ақын

253
0
Бөлісу:

Жас та болса дарынымен ерекшеленген, сөз өнерінің қадірін асқақтатқан Аманбек Нұрболат Асанұлы есімді жас ақынды бүгінде барша оңтүстік жұрты біле бастады. Оның жыр шумақтарынан атамекенге деген ыстық ықыласын, болашаққа ұмтылған бозбала үнін, ұлттық құндылықтарға деген сезімін байқауға болады.

Ол – Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданының Тереңөзек елді мекенінде білім алып, орта мектептің 10-сынып оқушысы. Республикалық мүшайралардың лауреаты атанған. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен аудандық олимпиаданың жүлдегері.

«Бұлақ көрсең – көзін аш» дегендей, жас ақынның бір топ жыр жинағын назарларыңызға ұсынамыз.

Әдебиеттің қара нары

Қара сөзбен ой тоқыған

Абай сөзі өзге сөзден көрнекті.

Адамзатқа қатал-қилы қоғамда,

Адамдықпен өлең-жырға төрлетті.

***

Жырға тиек қылды мына ғаламды,

Нәпсі құмар, адал менен арамды.

Тағдыр жайлы және өмір туралы,

Ой қозғады санаға бір жарамды.

***

Философ қой не дегенмен өзгерек,

Абай десе айтылатын сөз бөлек.

Ішкі сырын білу үшін ақынның,

Оқырманға тек ақындық көз керек.

***

Ел тағдыры, қазақ жайлы толғаған

Көреген ғой ертеңгіні болжаған.

Ұлт айнасын былғанудан аулақ қып,

Абай атам ел мүддесін қорғаған.

***

Білім іздеп, оқу ғылым дәріптеп,

Ілім деген сәуле шашар жарық деп,

Өз халқына үндеу салған оқы деп,

Әдебиетіне Еуропаның барып кеп.

***

Әрбір сөзі ақыл оймен ұштасқан,

Әрбір сөзі тәрбиемен тұстасқан.

Абай – дана, поэзия қара нары

Әр қадамын ұлты үшін нық басқан.


Мен – қазақпын

Тарих жазған қара тасқа өрнек салып таңбалап,

Тұлпар мінген,саят құрып ,қыран баптап қанбалақ,

Жеті атадан қыз алып, қыз беріспес тектіміз,

Текті жерден қолаң шашты қыз да сүйген жан қалап.

***

Алты алаштың асқарымыз, түбі түркі тұқымы,

Мен- қазақпын, бабам қазақ сақ пен ғұнның ұрығы,

Қазақ дейтін көшпендіміз – сахараның егесі,

Желе жортып ел билеген тағы жұрттың ұлығы.

***

Мен -қазақпын дархан дала ұрпағымын танысаң,

Мен- қазақпын сəйгүлікпін ұшқан құспен жарысам.

Мінезім бар отқа шыңдап болаттай қып келтірген,

Қайраттымын жолбарыстай, айбаттымын аңдысаң.

***

Мен -қазақпын жанымда бар, қанымда бар қазақтық,

Мен -қазақпын еркін елмін аңсағаным азаттық.

Кесек кеудем  ар менен абыройдың ордасы,

Мен патриот  таптатпайтын ел намысын мазақ қып.

***

Мен -қазақпын естимісің меңіреу жұрт жаһаннам,

Мен -қазақпын тумысымнан қазақ болып атанғам.

Бұл қасиет бойға сіңген сүтіменен анамның,

Маған қалған қазынадай мұра болып  атамнан.

***

Мен -қазақпын сынығымын даналардың кешегі,

Өн бойымнан батылдығы бабалардың еседі.

Ұмытпағын ей жігіті өрен ұлы халқымның,

Қазақ елі, қазақ    жері тек    қазақпен  өседі.


Мектебім емес ақынсыз

Мектебім емес ақынсыз

Жыр жазар жастар жетер-ақ.

Ақындар емес тақымсыз,

Ойлантып жыры кетер-ақ.

***

Айтыскерлер жырымен

Із қалдырған артына.

Ақындық өнер қырымен,

Қошемет болған халқына.

***

Айтыскер ақын – Аруна

Айтыскерлердің биігі.

Жырменен өскен қаныға

Өлең мен жырдың үйірі.

***

Аруна салған ізбенен

Диана ерген артынан.

Жүлдеден жүлде үзбеген

Ақындық өнер салтынан.

***

Екеуі де қос шынар

Таңдаулысы ақынның.

Олардың орнын бос қылар,

Біз емес ұлы халқымның.

***

«Мектебім қалмас ақынсыз»,-

Дегенді Диана бұрында.

Сол жырды айтқан ақын – біз

Айналған ақын жырына.

***

Саламат дейтін ініміз

Жыр жазар еді азулы.

Өлеңді отты біліңіз

Ойында қалар жазулы.

***

Қос Шұғыла дос-таныс

Жыр бастаған жаңадан.

Өнерге жырмен қосқан іс

Тамғызып сия қаламнан.

 

Ақынға толы мектебім

Түңілетін де мен емес.

Жетістіктерге жеткенмін

Өзге де менен кем емес.

***

Тілек етемін соларға

Жетсін деп өнер шыңына.

Ақындық дейтін жол алда

Қиын болса да бұрылма.

***

Өткір қып жаз жырыңды

Сөздерің өтсін сүйектен.

Отқа сап шыңда тіліңді

Қасиет саған сый еткен.

***

Мұқалмасын қаламың

Парағыңмен достасып.

Күтеді алда аларың

Өлеңменен кетпе қоштасып.


Жаныңда жүр жақсы адам

Өмірге баулып баптаған

Ниеттен қара сақтаған.

Ортаңа біраз көз таста

Айналаң толы жақсы адам.

***

Мен үшін қам жеп жатпаған

Асылым менің ақ мамам.

Мейірім төккен жаныма

Анашым менің жақсы адам.

***

Игі істерге бастаған

Əкем де менің жақсы адам.

Өнеге бойға сіңіріп

Тəрбиелеуден қашпаған.

***

Бəйтерек болған мен үшін

Ақылға толған кенішім.

Атам да менің жақсы адам

Қызмет қылған ел үшін.

***

Сыйласып қызмет атқарған

Бауырдай жанды таппағам.

Жан жағым кілең жақсылар

Мен үшін бəрі жақсы адам.

***

Кеңес етейік сізге де

Сабақ боп қалсын бізге де.

Жаныңда жүр жақсы адам

Алыстан аңдып іздеме.


Алғашқы менің ұстазым

Қолыңнан алғаш әліппе кітап ұстадым,

Адасқан жолда бағытым болдың тұспалым.

Білім мен ғылым үйреткен сізге мың алғыс,

Мың алғыс сізге, алғашқы менің ұстазым.

***

Үйреткен едің өмірдің ағын- қарасын,

Дара жан едің ақылы асқан данасың.

Үйретіп білім ғылым менен оқуды,

Шәкіртіңменен табасың жайлы жарасым.

***

Үйреттің алғаш оқуды маған білімді,

Санамның шымылдығы білімменен түрілді.

Өзіңнің арқаң осылай менің жүргенім,

Өзіңнің арқаң жай-күйім менің бүгінгі.

 

8-сынып, 2016 жыл

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*