Елбасы Ердоғанмен кездеседі

1802
0
Бөлісу:

Қазақстан Президенті ертең Түркия Республикасына ресми сапармен барады. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен, сондай-ақ Түркияның іскер топтар өкілдерімен кездесуі көзделген. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің үшінші отырысына қатысуы жоспарланып отыр.

 

Бүгін Анкарада Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин, Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек, Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, «Самұрық – Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің қатысуымен Қазақстан- Түркия инвестициялық форумы басталды.  Жиында соңғы жылдардағы екі ел арасындағы экономикалық байланыстар талқыланып, жаңа мүмкіндіктер таныстырылады. Сондай-ақ іскерлік топтар мен кәсіпкерлер арасында келісімшарттар жасалып, Қазақстан мен Түркия инвесторлары үшін ортақ келісімдер  қабылданады.
Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ

Бөлісу:

Пікір жазу


*