Сенатта «Жайық – өмір өзені» кітабының тұсаукесері болды

266
0
Бөлісу:

Парламент Сенатында еліміздің Президенті жанындағы Әйел істері жән еотбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, III-V шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаты Елена Тарасенконың «Жайық – өмір өзені» кітабының тұсаукесері болды.

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Бірғаным Әйтімова шараны аша келіп, Жайық өзенінің бойымен 22 жыл жүргізіліп жатқанын бірлескен экспедиция біздің өлкеміздің тарихы мен мәдениетін зерттеуге, жастарға патриоттық тәрбие беруге және Жайық өзені айдынының экологиялық мәселелерін көтеруге өз үлесін қосқанын атап өтті.

Б.Әйтімова бірлескен экспедиция атқарған ауқымды жұмыстардың арқасында 2016 жылы Жайық өзенінің экожүйесін сақтау жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойылғанын, Жайық трансшекаралық өзені айдынының экожүйесін сақтау жөніндегі комиссия құрылғанын еске салды. –Кітапта экспедицияның тарихы, осынаумаңызды іске қатысқан әрбір азамат туралы, еліміздің келешегі және оның болашақ ұрпағы үшін жауапкершілік жайында жан-жақты жазылған, – деді сенатор.

Шара барысында «Қoғaмдық келісім» республикалық мекемесінің директоры Александр Taраков, Сенат депутаты, Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаева, Сенат депутаты Серік Бектұрғанов, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Серік Оспанов кітап жайында өз ойларын ортаға салды.

Тұсаукесерге Сенат пен Мәжіліс депутаттары, үкімет өкілдері мен қоғамдық және саяси қайраткерлер, жоғары оқу орындары кітапханаларының қызметкерлері мен студенттері қатысты.

Елена Тарасенко шараға қатысушылардың кітапқа деген ықыласына  алғыс білдіріп, жинақтың тәуелсіз Қазақстанның тарихнамасынан орын алатынына үмітін жеткізді. Автор сондай-ақ, Парламент кітапханасының, еліміздің Ұлттық кітапханасының және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетпен Л.Н.Гумилев атындағы университеттің кітапханалары өкілдеріне кітабын тарту етті.

Еркін ҚАЛДАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*