Танымал суретшілер – Елорда төрінде

480
0
Бөлісу:

Шетелде танымал қазақстандық су­рет­шілер Астанаға жиналды. Бұл шара – Astana Art Show заманауи Қазақстанның Бейнелеу өнері Халықаралық Биенналесі аясында өтіп отыр.

Осыған орай, 15 қыр­күйек пен 28 қазан аралығында үш көрме өтеді. Мұндай көрмелер жаңа форматта алғаш рет ұйымдастырылды. Astana Art Show жобасының кураторы Дина Байта­сованың сөзіне қарағанда, бұл ауқымды жобаға дайындық шаралары жарты жыл бойы жүргізілген екен. Соңғы екі аптада Астанаға әлем елдерінен 50-ге жуық суретші келді. Metamorphosis тақыры­бында ұсынылған алғашқы көрме 15 қыркүйекте ашылады. Жоба қатысу­шылары ретінде шетелде есімдері таны­мал болған қазақстандық жас суретшілер қамтылған. 21 суретші халықаралық ірі көрмелерге қатысқан және шоуға арнайы дайындалған еңбектерін ұсынады. «Осында шақырылған суретшілердің көбі шетелде тұрып жатыр. Олар шет мемле­кеттерде табысқа жеткен қылқалам шеберлері. Атап айтқанда, бұл дарынды адамдардың еңбектері әлем елдерінде сұранысқа ие», – деді Д.Байтасова. Көр­меге келушілер суреттер мен инсталля­цияларды TSE Art Destination галерея­сында тамашалай алады. Бұдан бөлек бір аптадан кейін Орталық Азия елдері мен Қазақстанның 16 жас суретшісінің шығармашылығына арналған «Қайта жүктеу. Кеңістікті оңтайландыру» атты екінші көрме өтеді. Ал The Ghost Expedition атты үшінші көрме екі аптадан кейін ашылады. Жоба аясында қазақстандық және еуропалық суретшілер тобы Маңғыстау облысының киелі орындарын зерттеген көркем жұмыстарын ұсынатын болады.

Анар ЕРЖАНҚЫЗЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*