Астанада Еуразиялық әдеби форум өтеді

269
0
Бөлісу:

Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылдың 20-21 қыркүйек аралығында «Қазіргі заманғы сөз энергиясы» атты Еуразиялық әдеби форум өткізгелі отыр.

Аталған форум Елордасы –Астананың 20 жылдығына арналады.

Бұл шараға Еуразия құрлығының түкпір-түкпірінен  шет ел қаламгерлері қатысады. Дәл осындай ауқымды форум 1973 жылдан бері араға 45 жыл салып Елордамыз Астана қаласында өтпекші.

20 қыркүйек күні сағ.10.00-де Тәуелсіздік cарайында  форумның салтанатты ашылу рәсімі мен «Заманауи Еуразиялық әдебиет» кітап көрмесі және «Әдебиет және жаһандық мәселелер» мен «Аймақтық әдебиеттердің дамуы» атты екі бөлімнен тұратын пленарлық отырыс өтеді.

21 қыркүйек күні сағ.10.00 мен 13.00 аралығында Hilton Garden Inn Astana  қонақүйінде 4 секция бойынша: «Жаңа заман поэзиясы: көтеретін негізгі тақырыптар мен мәселелер», «Жаңа заман прозасы: көтеретін негізгі тақырыптар мен мәселелер», «Драматургияның өзекті мәселелері», «Қазіргі заманғы аударма ісінің хал-ахуалы» тақырыптарында басқосулар өтеді.

Әдеби форум аясында Қазақстан Жазушылар одағы мен Иран Жазушылар Қауымдастығы арасында ынтымақтастық меморандумға қол қойылады. Сондай-ақ, Ұлттық академиялы кітапханасында Қазақстан–Ресей қаламгерлерінің кездесуі өтеді.

«Айқын» ақпарат

Бөлісу:

Пікір жазу


*