«ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ» ЖӘНЕ ЖОЛ БЕРУ

635
0
Бөлісу:

Мәжілістің бір жиынында Денсаулық сақтау министріне сырқаты не жарақаты жанына батып, қиналған қазақстандықтарға жедел жәрдем көліктерінің дер уақытында көмекке келіп, ауруханаға да кешікпей жеткізуге тиістігі айтылды. «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы) ратификациялау туралы» заң жобасы мақұлданып, Сенатқа жолданған. Осы келісімге №1 қосымшада «жедел медициналық жәрдемді күшейту» жоспарланған.

«Біз бірінші кезекте жедел жәрдем дең­гейін­де өлім-жітім көрсеткіштерін төмен­де­туді көздеп отырмыз. Бұл үшін елімізде жедел ме­дициналық көмек көрсету бойынша ха­лықаралық стандарттар енгізіледі. Осы ретте жедел жәрдемнің, барлық құтқару қызметінің, емханалар мен ауруханалардың шұғыл қызметтерінің қызметкерлері жаппай соған оқытылады.Сонымен қатар санитарлық авиацияның республикалық орталығы ба­за­сында шұғыл медициналық көмектің Ұлттық үй­лестіру орталығының материалдық-тех­ни­ка­лық жарақтандырылуы күшейтіледі». Бұл – Денсаулық сақтау министрінің сөзі.
Бүгінде Қазақстанда жедел жәрдем көр­сететін қызмет саласы сан алуан. Олардың қа­тарында жедел медициналық жәрдемнің өңір­лік қызметтері, Ішкі істер министрлігінің медициналық-құтқару қызметтері, трассалық ме­дициналық-құтқару пункттері бар. Бірақ осы­ның бәрінің бір-бірімен ықпалдастығы нашар. Тұрақты әрі тәулік бойы жұмыс жа­сай­тын «Ұлттық үйлестіру орталығын» құру жә­не оны қажетті құрал-жабдықтармен жа­рақ­­тандыру жолға қойылмақ. Бұл орталық он­­лайн режимде шұғыл жағдайлардағы бар­лық медициналық көмекті қадағалап отырады.
Мұндай бірыңғай орталықтың құрылғаны көп жағынан пайдалы. Алайда жедел жәрдем қыз­метін халықаралық стандарттарға сай ре­формалау тұрғысынан алғанда, бірінші кезек­те жедел жәрдем көліктерінің сырқатқа жыл­дам келуі, қажетті көмекті шұғыл көрсетуі жә­не стационарға дер уақытында жеткізуі бас­ты назарда болуы тиіс. Жедел жәрдем стан­­сасы да, диспетчерлік қызмет те техни­ка­лық жағынан жарақтандырылуы және жаң­ғыртылуы керек. Барлық жерде GPS жүйесі ен­гізілсе, тіптен қатып кетеді.
Жаңа тәртіп бойынша, қан қысымы, дене қызуы көтеріліп, тамағы ісіп, асқазаны ауы­рып немесе салқын тигендерді жедел жәрдем ауруханаға тасымайды. Созылмалы дертке шал­дығып көмек сұрағандар емханаларға жі­берілмек. Сондықтан енді жедел медициналық көмек төрт санатқа бөлінеді. Жедел жәрдем өмі­рі қыл үстінде тұрған сырқаттарға басым­дық бермек.
Осыған байланысты Денсаулық сақтау ми­нистрлігі жаңа мамандық ашып жатыр. Жедел жәрдем көрсететін арнайы дәрігерлер болады. Біртановтың жедел медициналық көмек көр­сету ережелерін бекіту туралы бұйрығы бойын­ша, алғашқы медициналық көмекті дәрі­герлер бригадасы жеткенше медициналық бі­лімі жоқ адамдар да көрсетуі мүмкін. Шет­ел­дің бәрінде солай. Бригада жеткенше ал­ғаш­қы медициналық көмекті полиция қыз­мет­керлері, патруль қызметі, білім беру, транс­­порт қызметкерлері, өнеркәсіп орын­да­ры­ның, әлеуметтік салалардың жұмысшыла­ры және басқалар да көрсете береді. Науқас­тар­ға жергілікті поликлиникалар жанындағы жедел медициналық бөлімшелер арқылы көмек көрсету жоспарланған. Жедел меди­ци­на­лық жәр­дем стансасы елдімекендердің бәрінде бол­ғаны абзал. Азық-түлік дүкені, дәріхана, ме­шіт сияқты «Жедел жәрдем» пункттерінің де жақын болғаны жақсы.
Алматыда «Жедел жәрдем» көлігінің жүр­гізушісін көшедегі бір келімсек ұрып кетті. Жал­пы, кез келген қалада «Жедел жәрдем» кө­лі­гіне жүргізушілер жол бере қоймайды. Ка­надада керісінше, көлік келе жатқаннан бар­лық жүргізуші сол қапталға бірден ығы­сып, жол береді. Осындай мәдениетке қашан же­те­міз?

Нұртөре ЖҮСІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*