Аймақтың ақылды алтындары

503
0
Бөлісу:

Маңғыстау облысының әрбір ауданында ІТ сыныптар ашылуда. Бұл жоба Елбасы тапсырмаларын орындау мақсатында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында «Нұр Отан» партиясының бастамасымен іске асуда.
Маңғыстау облысында жос­пар­ланған 35 сыныптың 30-ы ашылып, осы айдың аяғына дейін қалған бесеуі ашылады деп күтілуде.
Соңғы екі күнде Ақтаудағы №21 орта мектепте, облыстық «Дарын» мектеп интернатында, «Білім-инно­вация» лицейінде және Мұнайлы ауданындағы №4 орта мектепте ІТ сынып ашылды.
Мұнайлы ауданына қарасты Дәулет ауылындағы №4 орта мек­тепте ашылған ІТ сыныпта оқу­шы­ларды 3 модуль бойынша оқыта бас­таған (вебсайттар құрастыру, анимациялық жобалар жасау және алгоритм бойынша жұмыс жасау).
Мектеп директоры Дина Күлме­ханованың айтуынша, аталмыш білімді меңгеру – қазіргі заман та­лабы, себебі болашақ осы техноло­гиялармен тығыз байланысты.
– Жаңа технологиялардың тілін меңгерген балалар республи­калық және әлемдік деңгейдегі сайыс­тар­ға еркін түрде қатыса алады. Сыныпта білім алуға ұмтыл­ған балалар саны көп. Біздің жас­тағы адамдар түсін­бегенмен, оқу­шылар ІТ бағдарла­маларын тез ара­да меңгеріп кетуге әзір.
ІТ сыныптарындағы балалар топ­тарға бөлініп оқиды. Бір сабақ 45 минутқа созылады. Онда теория, тәжірибелік жұмыстар мен көпшілік алдына түсіндіру жұмыстары жү­реді. Мәселен, Қанат Елбаевтың ай­туынша оқушылар жаңадан ашыл­ған сыныпта білім алуға құштар.
– Біз жаңа сыныпта оқуды бас­тадық, бұл өте пайдалы және өз ойымды жүзеге асыруға керемет мүмкіндік алдым. Менің құрдаста­рым да сыныпта асқан қызығушы­лық танытуда, – дейді ол.
Еске сала кетейік, жыл аяғына дейін елімізде 8-16 жас аралығын­дағы тәлімгерлер үшін 1000 мек­тепте ІТ сыныбы ашылады. ІТ сы­ны­быпта жалпы саны 450 мың баланы оқыту жоспарланған.

Жамбыл ҚЫРҒЫЗБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*