ЕЛ МҮДДЕСІ ЕСКЕРІЛЕ МЕ?

571
0
Бөлісу:

Медициналық туризм – мемлекетке табыс келтіретін көздердің бірі. «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында Н.Назарбаев: «Қазақстан медициналық туризм бойынша жетекші еуразиялық орталыққа айналуы тиіс», – деп атап көрсеткен болатын. Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой Қазақстанда медициналық туризмді дамыту керектігі туралы айтты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 2022 жылы туризм мен денсау­лық сақтау бағыты әлемнің анықтаушы сала­ла­­­­­рының бірі болмақ. Әлем халқының қар­таюы­на байланысты медициналық және сауық­тыру туризмі одан ары дами түседі.
Әдетте, Қазақстан азаматтары сапалы ем қа­былдау үшін шетелге бет алады. Қазақ­стан­дық науқастар ұзақ жыл кардиохирургия, ней­ро­хирургия, мүшелерге трансплантация жа­сау, онкология сияқты медицина салаларында ем алу үшін өзге елдерге баруға мәжбүр болды. Бас­қа елде емделу үшін мемлекеттік квота бе­рі­л­еді. Сонымен қатар өз ақшасына шетелде ем алып, басқа мемлекет медицинасының да­­­­­муына қаражат құятындар қатары азаймай отыр. Қаншама қаржы шығындайды. Алматы қа­­ласының әкімі Бауыржан Байбек «Шипажай – 2016» атты І халықаралық ғылыми-прак­ти­ка­лық форумында алматылықтардың 400 млн дол­лар көлемінде ақша шығарып, шетелге ба­рып емделгенін қадап айтқан еді. Меди­ци­на­лық туризм қауымдастығының атқарушы ди­ректоры Батырбек Әбділдин отандас­та­ры­мыз­дың 2012-2014 жылдары шетелде емделу үшін 300 миллион евро жұмсағанын хабар­ла­ға­ны есімізде. Содан бері жағдай өзгере қой­ған жоқ. Шетелге жыл сайын миллиондаған қа­­ражат кетіп жатыр.
Әлемде 50-ден астам ел өз экономикасын сер­пінді дамыту мақсатында медициналық ту­риз­м туралы Ұлттық бағдарлама қабылдаған. Гер­мания, Израиль, Түркия, Үндістан, Син­га­пур, Таиланд сияқты елдер науқастарға жо­ға­ры сапалы ем көрсету үшін медициналық инф­ра­құрылымының дамуына, инновациялық тех­но­логиялар, озық құрал-жабдықтармен қам­тыл­ған клиникалардың құрылысына мил­лион­даған қаржы құяды. Германия, Австрия, Израиль, Оңтүстік Корея, Сингапур, Түркия, Ре­сей елдеріне қарай ағылатын қазақстан­дық­тарды қалай тоқтатуға болады?
Қазақстанға шет елдерден келетіндер қан­ша? Денсаулық сақтау министрлігінің мә­лі­ме­тін­ше, жылына шамамен 3 мыңнан астам ше­тел азаматы біздің елге келіп, ем алады. Олар – Түркия, Ресей, Украина, Швейцария, Мы­сыр, Австралия, АҚШ, Албания, Ұлыб­ри­та­ния, Канада, Тәжікстан, Армения, Әзір­бай­жан сияқты елдердің азаматтары. Шет елдік­тер Қа­зақстанға репродуктивті медицина мүм­кін­дік­тері үшін көбірек келеді. Олар омыртқа дис­кі жарығын микрохирургиялық жолмен алып тастау, экстракорпоральді ұрық­тандыру, жү­ректегі қан жолы тетігіне кардио­хирур­гия­лық ота жасау, жатыр артериясын эмболиза­ция­лау сияқты қызметтерге жүгінеді. «Экст­ра­корпоралды ұрықтандыру, репродук­тивті ме­дицина бағыты бар. Ол жайында шетелде кеңі­нен біледі. Осы орайда әлемнің алдыңғы қ­а­тарлы елдерінен бізге келеді» дейді вице-ми­нистр. Елімізде бұл технологиялар жақсы да­мыған көрінеді.
Көп жерде GCI стандарты талап етіледі. Мұн­дай стандарт бойынша медициналық ту­ризм орталығы ретінде құрылған Ұлттық ме­дициналық холдинг емханалары жұмыс іс­тейді. Қазақстанда жеті медициналық ұйымда GCI халықаралық аккредитациясы бар. Бұл өз кезегінде, осы клиникаларда емделу қауіпсіз еке­нін және барлық әлемдік стандарттарға сай келетінін дәлелдейді. Өткен жылы 1680 шет­ел азаматы жоспарлы ақылы стационарлық ем алған. 23 мыңға жуық шетелдік сауықтыру қыз­меттеріне, оның ішінде шипайжай ем-до­мына келген екен.
Қазақстанда жасалатын оталардың құны төмен. Сүйек кемігін транспланттау Қа­зақ­стан­да – 51 000 доллар болса, Ресейде – 90 000 дол­лар. Ал бауыр трансплантациясы Қазақ­стан­да – 20 000 доллар, Түркияда – 108 000 дол­лар, бүйрек трансплантациясы Қазақ­стан­да – 16 000 доллар, Ресейде – 40 000 доллар. Өз елімізде орасан мүмкіндік бар кезде, аза­мат­тарымыз неге шетелге ағылады? Ел мүд­де­сін елдің байлары ескермесе, кім ескереді сон­да?

Нұртөре ЖҮСІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*