Ардагерлер аман болсын!

349
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында Алматы қалалық №11 емханасында Ұлы Отан соғысының және тыл ардагерлеріне арнап «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

«Ұлы Отан соғыс ардагерлері, тыл және еңбек адамдарының төзімділігі, ерен еңбектері мен табандылықтарының арқасында бейбіт өмір сүріп жатыр­мыз. Оларға құрмет көрсету – біздің қасиетті борышымыз. Тарихымызды, өт­­кенімізді ұмытпау, қарттарымызды сыйлау және оларға қамқорлық
жасау – іс-шараның негізі мақсаты. Қарттар үшін біздің есігіміз әр күні ашық» де­ді емхананың бас дәрігері Майра Жүнісова.
Медициналық тексеріс барысында ардагерлер ем алып, дәрігер-кардиолог, эндокринолог және отбасылық дәрігерлер қарттарға кеңес берді.
Сонымен қатар үй күтіміндегі ардагерлер де қараусыз қалған жоқ. Оларға да медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне дәрі-дәрмек жеткізілді.

Мира ҰЗАҚ

Бөлісу:

Пікір жазу


*