Жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес керек

263
1
Бөлісу:

Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының тоғызын­шы тармағы «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» деп аталады. Осымен байланысты елімізде көп­теген игілікті шаралар қолға алынуда. Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 27 тамызда өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандум сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша бірлескен және келісілген іс-қимылдарды дайындау мен іске асыруға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыруға, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағыт­талған. Осыған байланысты, денсаулық сақ­тау ұйымдарындағы тұрмыстық сыбай­лас жемқорлықты төмендетуге ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою – қатардағы медицина қызметкерлерінің көрсеткен медициналық қызметтері үшін материалдық және материалдық емес сый алу прак­тикасын жою бойынша әрекеттер жаса­лынып жатыр.
Осы негіздерге сүйене отырып, «Нұр Отан» партиясы Медеу аудандық филиалы «Алатау» балалар клиникалық санаторийін­де жемқорлықтың алдын алу шараларына байланысты семинар өткізді. Аталған негіздерге ықпал етудің алғашқы бастамасы ретінде ұйымдастырылған семинарға Сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы қаласы бойын­ша департаментінің бөлім басшысы Низам Зейналов, партияның Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Меруерт Мұқанова қатысты.
Семинар барысында Низам Асанұлы өмірлік жағдаяттардан құралған бейне­ро­ликті көрсету арқылы сыбайлас жемқор­лықтың қаншалықты ауыр дерт екендігі, қандай деңгейде жауапкершілікті талап ететіні және оның толассыз зардаптары жайында жанжақты талқылап, мақсатты ойды аудитория санасына сіңіре білді. Санаторий қызметкерлері де туындаған сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алды.
Меруерт Мұқанова «Нұр Отан» партия­сының идеологиялық тұрғыдағы мақсат­тарын, Елбасы саясатының алғырлығын және сыбайлас жемқорлықпен күрес пар­тияның ғана емес, әрқайсымыздың аза­маттық міндетіміз екендігін айта келіп, адамгершілік тұрғысынан бұл қасіреттің алдын алу қажеттігі жайында санаторий қыз­меткерлерімен сұхбат жүргізді.
Дәл осындай басқосу «Нұр Отан» пар­тия­сының Алмалы аудандық филиалында да өтіп, аудандық партия филиалының жергілікті басқару мәселелері бойынша үйлестірушісі Ғұсман Шалабаев бастаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнін­дегі қоғамдық кеңес мүшелері бас қосты.
Жиын барысында Алмалы аудандық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы, №8 емхананың бас дәрігері Фарида Ағыбаева мен аудандық тұтынушылар құқығын қор­ғау бөлімі эпидемиологиялық бақылау бөлі­мінің жетекшісі Сәуле Сүлейменованың есебі тыңдалды.
Қоғамдық кеңес алдында есеп берген Фарида Әбубәкірқызы елімізде қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның талаптары бойынша тиянақты жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Мекеменің тиісті құжаттары мен нұсқаулықтар ішкі тәртіпке сай әзірленіп, келушілердің мемлекет қабылдаған тегін емдеу бойынша талаптарына сай қызмет көрсетілендігі айрыққа атап өтілді. Емхана ішінде жемқорлыққа қарсы банерлер орна­тылып, сенім телефоны қызмет көрсетеді. Тұрғындар тарапынан шағым бола қалған жағдайда ол дер кезінде қаралып, нақты шешім қабылданады. Осы секілді жауапкер­шілік ұжымда жемқорлықтың болмауын қамтамасыз етіп отыр. Дәлізде орнатылған бейнекамералар үнемі келушілер мен дәрігерлерді қадағалап, кадрлар кеңесінің жиыны жиі өтіп тұрады.
Осы орайда партия филиалының жер­гі­лікті басқару мәселелері бойынша үйлес­тірушісі Ғұсман Шалабаев ресейлік тәжі­рибені ортаға сала кетті. Ол сыбайлас жем­қорлықтың кез келген түріне тыйым салады және нәтижесі де тиімді. Қысқасы, дәрігерлер антқа берік болуы керек. Емделушілерден пара түгілі тәтті де алуға болмайтындығы ақ халаттыларға арнайы ескертіліп, жемқорлық қағидалары жазыл­ған парақша әркімге таратылып берілген.
Алмалы аудандық тұтынушылар құқы­ғын қорғау бөлімі эпидемиологиялық ба­қылау бөлімінің жетекшісі Сәуле Сүлей­менова өз есебінде ұжымда 2010 жылдан бері жем­қорлық дерегі тіркелмегенін жеткізді. 28 маман, оның ішінде 14 жоғары білімді азамат еңбек ететін мекемеде соңғы жыл­дары бірқатар өзгеріс болған. Азамат­тардың шағымдары дер кезінде тексеріліп, тиісті мекемелермен бірлесе жұмыс істеу жолға қойылған. Бұл орайда аудандық тұтыну­шылар құқығын қорғау бөлімі Алматы қаласы бойынша үшінші орынға табан тіреп, ел игілігі үшін тер төгіп жүр­генін ай­рық­ша атап өтуге болады.
Жиын соңында Алмалы аудандық ден­саулық сақтау бөлімінің басшысы, №8 емхананың бас дәрігері Фарида Ағыбаева мен аудандық тұтынушылар құқын қорғау бөлімі эпидемиологиялық бақылау бөлімі­нің жетекшісі Сәуле Сүлейменованың есеп­теріне қанағаттанарлық баға берілді.
Жемқорлық қоғамды ірітетін де, шірі­тетін де жегі құрт. Сондықтан пара алу мен пара беруге ел-жұрт болып қарсы тұруымыз керек. Сыбайластықтың тамырына балта ша­былғанда ғана қоғамда ілгерлеу болады.

Жолдасбек ДУАНАБАЙ

Бөлісу:

1 пікір жазылған

  1. Бағдат 26 Қыркүйек, 2018 at 17:04 Жауап

    сіздермен кері байланыс жасауға бола ма? осы мақаланың дұрыстығына кім жауапты? мүмкін болса, байланысқа шығыңыздаршы! 8771 444 07 44

Пікір жазу


*