БАҚ Путин мен Трамптың ұшақтарының интерьерін салыстырды (фото)

959
0
Бөлісу:

Желіде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин мінетін ұшақтардың суреті пайда болды.

Бұл туралы батыс ақпарат құралдары жазып, жария еткен. Қазіргі таңда Путиннің әуе сапарларына «Россия» деп аталатын ұшу отряды тікелей жауап береді.

Аталмыш отряд құрамына 60-тан астам ұшақ пен тікұшақтар кіреді екен. Президенттік әуе паркінің негізін Ил-96, Ил-96 300 ПУ жолаушылар ұшағы құрайды.

Путиннің әуе лайнерінің құны – 500 миллион доллар. Ұшақтың максималды жылдамдығы сағатына 900 шақырымға дейін жетсе, ұзындығы 65 метр болады.

Суреттерде көрінгендей президент ұшағының интерьері көз тартарлықтай. Лайнер ішінде әдеттегі дәретхана, қол жуғыш, ваннадан бөлек конференция залы, демалыс бөлмесі, жаттығу залы қарастырылған.

Жиһаздар мен интерьер жаңа классикалық стилде қойылыпты. Сондай-ақ ұшақ ішіне кең офистер мен алтын жалатылған үстелдер де еркін сыйып кеткен. Үстелдерді жағалай былғары терілі орындықтар мен дивандар орналастырылған.

БАҚ хабарлағандай президент ұшағында басқарудың бірыңғай орталығы болып табылатын байланыс жүйесі орнатылған. Лайнердің радарға түспеуін қамтамасыз ететін арнайы жамылғысы да бар көрінеді.

Мұндай ұшақтың Путинде төртеуі бар. Сапарға шығар алдында соңғы сәтке дейін қай ұшақты пайдаланатыны белгісіз болады екен. Таңдау жасалғаннан кейін кейде бір ұшақ, кейде түгел үш ұшақ та резерв ретінде негізгі лайнердің артынан еріп отырады.

Ал Трамп құны 1 миллиард доллар болатын Boeing 747-200B ұшағын тұтынады.

Оның ең шекті жоғары жылдамдығы – сағатына 1000 шақырым. Ұзындығы – 70 метр.

Сондай-ақ ұшақты Air Force One деп те атайды. Сыйымдылығы 200 жолаушы болатын ұшақтың адамдарын Трамп 43-ке дейін түсірген.

Әуе кемесінің іші алып әрі әдемі қонақүйді еске түсіреді.

Интерьерде табиғи былғары, ағаш, тас бөлшектері де көрініс береді.

Ұшақта демалыс бөлмесі, толықтай алтынмен апталған ванна бар.

Ас үй, конференция залы секілді әдеттегі бөлмелерден бөлек арнайы құрылғылармен жабдықталған «құпия» бөлме де бар екен.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*