Қытай Астана мемлекеттік қызмет хабымен ынтымақтастықты кеңейтеді

425
0
Бөлісу:

Астана мемлекеттік қызмет хабының Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Байменов Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сяо мырзамен кездесті.

Алихан Байменов Хабтың мемлекеттік қызмет саласындағы тәжірибе және білім алмасу алаңы екендігін  атап өтті.

–Біз мемлекеттік қызмет саласындағы мүмкіндіктер мен шешімдерді, сонымен қатар жаһандық және аймақтық трендтерді көрсетеміз. Әр үкімет өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, осылардың қайсысы өздеріне оңтайлы екенін анықтайды. Негізі мемлекеттік қызмет саласында ұстаздар мен шәкірттер жоқ. Дегенмен, барлығы басқа елдердің тәжірибесін зерттеуге және өз тәжірибесімен  бөлісуге мүдделі, – Астана мемлекеттік қызмет хабының Басқарушы комитетінің төрағасы Алихан Байменов.

Елші Чжан Сяо таңдап алынған жұмыс бағытының өзектілігін, соның арқасында Астана хабының табысты қызмет атқарып отырғанын атап өтті: «Хаб өңірдегі елдерге бір-бірінің тәжірибесін үйренуге керемет мүмкіндік беріп отыр. Әрбір ұлттың өз менталитеті мен өзіндік ерекшеліктері бар, сондықтан барлық мәселелерді шешудің әмбебап тәсілі жоқ», – деді ол. Сонымен қатар Чжан Сияо мырза «Бір белдеу – Бір жол» бастамасының белдеу бойында орналасқан елдер экономикасының дамуындағы маңыздылығын атап өте отырып, осының аясында бірлескен іс-шараларды жүзеге асыруды қарастыруды ұсынды.

Өз тарапынан, Алихан Байменов Қытай өкілдерін электрондық үкіметті дамыту жөніндегі практиктер Альянсына қатысуға шақырды.

Кездесу барысында тараптар бірлескен зерттеулер мен Хабқа қатысушы елдердің мемлекеттік қызметшілерінің әлеуетін арттыруға арналған іс-шараларды өткізу және сарапшылық байланыстарды кеңейту мәселелерін талқылады.

Қытай– Астана хабына қатысушы 40 елдің ішіндегі белсенді қатысушы елдің бірі. Қытайлық әріптестерімен бірлесе отырып, Хаб өңір елдерінің мемлекеттік қызметшілері үшін бірқатар семинарлар өткізді. Сондай-ақ Қытайдағы мемлекеттік басқару реформаларына арналған «Мемлекеттік қызметтің реформалары мен тәжірибелері» халықаралық журналының арнайы басылымын шығарды.

Еркін ҚАЛДАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*