Электронды коммерция – бизнесті дамытудың жаңа жолы

431
0
Бөлісу:

Ақпараттық технологиялардың қазіргі заманғы дамуы электронды коммерция жүйелерінің пайда болуы мен кеңінен таралуына ықпал етті. Электронды коммерция – бүгінгі күннің экономикасының ажырамас бөлігі. Көптеген тұтынушы тауарларды интернеттен сатып алса, коммерциялық ұйымдар, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде желінің осы мүмкіндігін пайдаланады. 2017 жылдың соңында электронды сауданы қолдау және дамыту мақсатында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен 2018-2020 жылдарға арналған «Электронды сауданы дамытудың жол картасы» бекітілді.

Қолайлы бизнес-орта құру және элект­рон­ды сауданы дамытуды ынталандыру мақ­сатында заңды тұлғалар мен жеке кәсіп­кер­лер үшін 2018 жылғы 1 қаңтарда қабыл­дан­ған жаңа Салық кодексі шеңберінде, элек­тронды сауда саласының корпо­ратив­тік және жеке табыс салығынан алынатын салықтан 0 пайызға дейін босатудың бел­гі­ленген тәртібіне сәйкес салықтық жеңіл­дік­тер күшіне енді. Бұл ереже 2023 жылғы 1 қаң­тарға дейін жүзеге асырылады.
Сонымен қатар жаңа Салық кодексінде тауар­лық электронды сауда – бір мезгілде мы­на­дай шарттар сақталған кезде:
Біріншіден, тауарларды өткізу жөніндегі мәмілелерді ресімдеу электронды нысанда жү­зеге асырылса;
Екіншіден, тауарлар үшін ақы төлеу қол­ма-қол емес төлеммен жүргізілсе;
Үшіншіден, тауарларды сатып алушыға жет­кізетін өз қызметі болса не жүктерді та­сы­малдау бойынша көрсетілетін қызмет­тер­ді, курьерлік және пошталық қызметті жү­зеге асыратын тұлғалармен шарттар бол­са, интернет-дүкен және интернет-алаң ар­қылы ақпараттық технологиялар көме­гі­мен жүзеге асырылатын, жеке тұлғаларға тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қыз­мет ұғымын білдіреді.
Интернет-саудадағы негізгі элемент­тер­дің бірі – төлем жүйесі. Салық есептілігін тап­сыруды жеңілдету үшін электронды сау­да саласындағы кәсіпкерлердің әкімшілік шы­ғыстарын төмендету мақсатында салық жеңіл­діктерін әкімшілендірудің авто­мат­тандырылған рәсімін енгізу үшін НҚА бекі­тілген.
Қазақстан Республикасының Ұлттық бан­кі қолма-қол ақшасыз төлемдер бойын­ша комиссияларды айтарлықтай азайту үшін қолма-қол ақшасыз төлемдер бойын­ша комиссияларды едәуір азайтуға мүмкін­дік беретін ішкі төлем платформасын ен­гі­зу­­мен интеграцияланған (екінші дең­гей­дегі банктермен) жедел мобильді төлемдердің жаңа жүйесін құруда. Осылайша, бизнесті он­лайн жүргізудің тартымдылығы үшін шарт­тар қалыптасуда.
Жүйені пилоттық режимде іске қосу 2018 жылғы қыркүйек айының соңына жос­парланған. Бұдан басқа, Ұлттық банк­пен тауарларды жөнелтудегі банк опера­ция­ларының немесе банк агенттерінің же­келеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдар қызметтерін пайдаланатын электронды сауда субъектілері үшін қолма-қол ақшасыз төлемнің құралы ретінде «са­лынбалы төлемді» тану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Электронды сауда саласындағы халық пен кәсіпкерлік субъектілерінің цифрлы жә­не қаржылық сауаттылығын арттыру үшін «Атамекен» ҰКП-мен «Онлайн биз­нес­ке шығу» бизнесті жүргізуді сервистік қол­дау арқылы базалық цифрлы дағдылар­ды оқыту жүргізілуде.
Қазіргі уақытта 10 мың шағын және ор­та бизнес субъектісіне кеңес беріліп, жыл соңы­на дейін 5 мың шағын және орта биз­нес субъектісін оқыту жоспарлануда.
Электронды коммерциядағы бизнестің құзыреттілігін арттыру үшін «Қазпошта» АҚ негізінде Астанада алғашқы Электронды ком­мерция орталығы (E-commerce орта­лық­тары) ашылды. Ол дайын онлайн-дү­кен­дерді құру мен оқыту бойынша қыз­мет­терді көрсетеді.
2018 жылдың ішінде осындай орта­лық­тар Алматы қаласында ашылып, Қараған­ды­да жылдың соңына дейін ашылуы жос­парлануда.
Жалпы, электронды сауда саласындағы мем­лекеттік бағдарламалар мен іс-шара­лар­ды іске асыру басталғаннан бері нарық­тың дамуында оң үрдіс байқалады.
Ресми статистика деректері бойынша, 2017 жылы Қазақстан Республикасындағы элек­тронды сауда нарығының көлемі 107 млрд теңгені немесе бөлшек тауар айналы­мы жалпы көлемінің 1,2%-ын (бөлшек сау­даның жалпы көлемі – 8,8 трлн теңгені) құрап, 36,2% өсім байқалды.
Жедел деректер бойынша, 2018 жылдың 1 жарты жылындағы электронды сауда нарығының көлемі 101 млрд теңгені немесе бөлшек тауар айналымы жалпы көлемінің 2,9 пайызын құрады, 2 есе өсім байқалды.
2018 жылдың басынан бастап, 250 жаңа электронды сауда субъектісі тіркеліп, 1700 ин­тернет-дүкен жұмыс жасап, сатып алу­шылар саны 1,5 млн адамға дейін өсті.
Атап айтқанда, қолда бар мәселелерді ес­­кере отырып және халықаралық тәжіри­бені зерттеп, электронды сауданы дамытуда қол­даныстағы тәсілдерді қайта қарау жұ­мыс­тары басталды.
Қазіргі уақытта «Қазақстан Республи­ка­сының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзге­рістер мен толықтырулар енгізу тура­лы» заңы жобасының тұжырымдамасы әзірленіп, оның шеңберінде электронды сау­даны одан әрі дамыту мәселелері ретте­леді:
біріншіден, сауда қызметі мәселесін же­тілдіру бойынша кейбір заңнамалық ак­тілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу:
– қызметтер мен жұмыстарды толық­тыру жолымен электронды коммерция ұғы­мын енгізу (электронды сауда шең­берін­де тек тауарлар ғана);
– электронды саудадағы B2B қатысу­шы­ларының тізімін кеңейту (заңды тұлға­лар арасында, қазіргі уақытта тек заңды тұлға мен жеке тұлға арасындағы мәселелер реттеледі);
– электронды сауда құралдарының си­пат­тамаларын реттеу үшін (интернет-дү­кен, электронды сауда алаңы, ақпараттық электронды алаң және тағы басқа) ұғым­дық аппаратын кеңейту;
Халықаралық тәжірибе электронды сау­да алаңдарын дамыту электронды ком­мер­ция­ны дамытуда оң үрдісті көрсетті. Бұл электронды сауда субъектілеріне сайт құру­ды, қолма-қол ақшасыз төлемдер жүйесін енгізуді, жеткізу қызметтерінде және т.б. үнем­деуге мүмкіндік береді.
Олардың ыңғайлылығы кәсіпкерлер мен тұтынушылар үшін бірыңғай алаңда қыз­меттердің толық жиынтығын қалып­тастыруда – тауар туралы және сатушы тура­лы ақпарат, төлем әдісі, тауарларды не­ме­се қызметтерді алу тәсілдері, сапаны ба­қылау және екі жағынан да кері байланыс.
Осылайша, ЭЫДҰ талаптарына сәйкес, са­тып алуышының сатушы мен тауарларды ба­ғалау мүмкіндігін беру; сатушыға ЭСА-ның ішкі талаптары; қолма-қол ақшасыз есеп айырысу; жеткізуді қамтамасыз ету; са­тып алушы мен сатушы арасында, соның ішінде тауарларды қайтару кезінде өзара есеп айырысуды қамтамасыз ету арқылы элект­ронды сауда алаңдарының инфра­құры­лымы қамтамасыз етіледі.
– тұтынушылардың құқықтарын қорғау инс­титутын нығайту және электронды сауда саласында тұтынушылардың құқын қор­ғау бойынша кешенді шараларды енгізу;
– кедендік әкімшілендіруді оңайлату (же­ке тұлғалар үшін экспортқа арналған тауарларды декларациялаудың жеңіл­детіл­ген тәртібі бөлігінде –«Қазпошта» АҚ не­гізін­де тауарларға арналған декларация ре­тінде пошталық құжаттар арқылы шетелге тауарларды жөнелту). Бұл бизнестің уақыт­ша шығындарын кедендік құжаттарды ресімдеуде азайтылуына және сыртқы эко­но­микалық қызмет саласындағы делдалдар­дың қызметтеріне шығындардың азаюына, қазақстандық экспорттың артуына ықпал етеді;
– көліктік және логистикалық сақтау ор­та­лықтарын – фулфилмент орталық­та­ры­ның қызметін реттеу тұрғысынан инф­рақұрылымды дамыту;
Осы мақсатта биыл логистикалық хаб­тар мен сұрыптау орталықтарын құру жұ­мыстары басталды.
Атап айтқанда, «Қазпошта» АҚ Алматы және Астана қалаларында Фулфилмент ор­талықтарын салу бойынша жобаларын іске қосты (қаттау, сақтау, сұрыптау, қаптау, та­сымалдау);
Осындай орталықтарды құру жеткізу уа­қытын едәуір қысқартуға, тасымалдау шы­ғындарын азайтуға, жеке курьерлік пош­талар, интернет-дүкендер және элект­ронды алаңдармен логистикалық үрдіс­тер­дің аутсорсингін қалыптастыруға мүмкіндік беріп, жалпы алғанда ШОБ үшін бизнесті жүргізуді жеңілдетеді;
– тамақ өнімдерін көтерме саудада сату­мен айналысатын көтерме-үлестіру орта­лығы қызметін реттеп, олардың негізінде Taobao (Қытай), Agrosale.uz (Өзбекстан) сияқ­ты мамандандырылған электронды алаң­дарды құру мүмкіндігі бар, бұл элект­ронды сауда субъектілеріне сайт құруды, қол­ма-қол ақшасыз төлемдер жүйесін ен­гізуді, жеткізу қызметтерінде және т.б. үнем­деуге мүмкіндік беріп, ауылшаруа­шы­лық өнімдерінің жекелеген түрлерін қа­былдау, өңдеу, бастапқы өңдеу, қаптау, дұрыс сақтау, ветеринариялық және фито­са­нитариялық сапаны бақылау, көтерме сауда, оның ішінде автоматтандырылған электронды ақпараттық және бухгалтерлік жүйелерді пайдалануды ұйымдастыру ар­қылы сатуға жағдай жасау.
Екіншіден, қоғам мен бизнестің элек­т­ронды саудаға сенімін арттыру мақ­сатында барлық бизнес өкілін біріктіретін, қыз­мет түрін нақтылаудан және саты­латын тауар­лар, жұмыстар, қызметтерден және т.б. құралатын ерікті негізде отандық тауар өндірушілердің тізілімі құрылатын болады.
Жалпы, электронды сауда саласында жү­зеге асырылып жатқан іс-шаралар, он­лайн тапсырыстар санын арттыруға, жаңа онлайн дүкендер мен электронды сауда алаңдарын ашу үшін қолайлы жағдайлар құру­ға, қолма-қол ақшасыз төлемдерді кө­бейтуге, бизнес құзыреттілігін арттырып, оны электронды коммерция саласына тар­туға мүмкіндік береді.

Айбатыр ЖҰМАҒҰЛОВ,
Ұлттық экономика вице-министрі

Бөлісу:

Пікір жазу


*