МЕМЛЕКЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРҒА МӘН БЕРІЛЕДІ

501
0
Бөлісу:

Нұрсұлтан Назарбаев Душанбеде өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдер басшылары кеңесінің отырысына қатысты.

Отырыста Мемлекет басшысы ТМД аясындағы қарым-қатынастарды ны­ғайтып, дамыту үшін атқарылған жұ­мыс­тардың нәтижелеріне тоқталды.
Нұрсұлтан Назарбаев ұйымды ре­формалау және Достастықтың тұжы­рымдамалық құжаттарын жаңарту жо­лында қолға алынып жатқан шара­лардың тиімділігін атап өтті.
Қазақстан Президенті мемле­кетаралық қатынастарды одан ары терең­детуге септігін тигізетін бірқатар перспективті бағыттарға назар аударды.
Атап айтқанда, Мемлекет басшысы ТМД-ның экономикалық негізін ны­ғайтып, елдер арасындағы сауда кедер­гілерін жоюға бағытталған шаралар қабылдау қажеттігі туралы айтты.Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту және ТМД-ға мүше барлық елдердің көлік-транзит әлеуетін пай­далану жөніндегі мәселелерге тоқталды.
Қазақстан Президенті ғылыми-ғарыш, цифрландыру және туризм салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселесіне назар аударды.
Мемлекет басшысы Қазақстанда құрылған «Астана» халықаралық қаржы орталығының ерекшеліктері жөнінде әңгімелеп, ТМД-ға мүше елдердің бәрін Қаржы орталығының жұмысына бел­сенді атсалысуға шақырды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*