Сингапур билігі ел тұрғындарына миллион доллардан таратпақ

952
0
Бөлісу:

Сингапур мемлекетінің билігі елдің экономикалық дамуына байланысты өз елінің азаматтарына 511 миллион теңгеден таратып бермекші. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлайды.

Белгілі болғандай бұл бонусты 2,8 миллион адам алмақшы. «Сыйлықтың» көлемі әр тұрғынның табыс деңгейіне тікелей байланысты. Мәселен, ел азаматы 2017 жылы 28 мың сингапур долларынан (20,4 мың доллар) артық таппаса онда оның есепшотына 219 доллар түседі. Егер жылдық табысы 73,09 мың доллардан асып кетпесе, онда оның бонусының көлемі 150 доллардан артық болмайды. Осы деңгейден аз тапқандардың барлығына 73 доллардан төленеді.

Мұндай қаржылық сыйақы кәмелеттік жасқа толған ел азаматтарының барлығына төленбекші. Қазіргі таңда Сингапур елінде 5,97 миллион адам тұрады.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*