АҚШ президенті Ким Чен Ын екеуі бір-бірін жақсы көріп қалғандарын айтты

650
0
Бөлісу:

АҚШ президенті Дональд Трамп Сингапурде өткен КХДР басшысы Ким Чен Ынмен өткізген келіссөздер барысында бір-бірін «жақсы көріп қалғандарын» айтты. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

«Мен де тура сол сияқты қатаң болдым. Сосын бәрі ойдағыдай өтті. Бірақ келіссөзден соң біз бір-бірімізді жақсы көріп қалдық. Шынайы емес. Ол маған керемет хат жазды» депті Трамп Батыс Виргиния митингісінде сөйлеген сөзінде.

Америка президенті бұған дейін АҚШ-тың экс-президенті Барак Обаманың әкімшілігі және өзге де АҚШ лидерлерінің әкімшілігі соққан телефонға Солтүстік Корея басшысының жауап бермегенін де тілге тиек етіпті. Сондықтан ол өзінің Ким Чен Ынмен жақсы қарым-қатынас өрбіте алғанын мақтаныш санайды.

Расымен тарихта алғаш рет АҚШ пен КХДР саммиті  12 маусым күні Сингапур жерінде өткен болатын. Кездесудің қорытындысы бойынша Трамп Солтүстік Кореямен тиісті құжатқа қол қойғандарын және Корей түбегін денуклеаризация жасау процесі жылдам қолға алынатынын хабарлаған.

Өз кезегінде Ким Чен Ын қол қойылған жаңа құжатты екі ел арасындағы «жаңа старт» деп бағалап, жарқын болашақ күтіп тұрғанын жеткізген. Аталған құжатқа сәйкес АҚШ Солтүстік Кореяның қауіпсіздігін қамтамасыз етсе, Пхеньян Корей түбегінің бірігуіне мүмкіндік бермекші.

Қазіргі таңда екі ел президентінің админстрациясы лидерлердің тағы да бір мәрте кездесуін талқылап жатқан көрінеді.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*