Қазақтың байлары Түркістанда қандай ғимарат салады?

626
1
Бөлісу:

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жиында қазақтың ірі миллионерлері мен миллиардерлеріне шаһарда бір –бір нысаннан салу туралы тапсырма берді. Сонымен жақын уақыттарда қандай ғимараттар пайдалануға беріледі?

«Базис-А» құрылыс компаниясының басшысы Александр Белович Түркістан қаласына театр ғимаратын тарту ететінін мәлім етті. ERG компаниялар тобының жетекшісі Патох Шодиев Түркі халықтарының музейін салуға уәде берді. «Қазмұнайгаз» ҰҚ акционерлік қоғамы басқармасының басшысы Сауат Мыңбаев қалада  заманауи стадион салатын болды. BI Group холдингінің басшысы Айдын Рахымбаев қазақ хандары мен билері және батырларының музейін салуға міндетеме алды. «Хайвилл Казақстан»  құрылыс фирмасы Түркістанда тұрғын үй кешенін  тұрғызады. «Қазақстан темір жолы» компаниясына шырайлы шаһарда Жастар сарайын салуға тапсырма берілді.  KEGOC акционерлік қоғамы Қожа Ахмет  Яссауидың шағын мұражайын салады. Қазақстанның стол теннисі федерациясының басшысы Данияр Әбілғазин су спорты кешенін пайдалануға береді. Astana Group тобына кіретін Astana Motors және  Mega Development сауда кешенінің иесі Нұрлан Смағұлов болса, Түркістанда халықаралық деңгейде автосалон ашады.

«Казпочта» мен  «Казахтелеком» да құр қалмайды, олар шырайлы шаһардан қазіргі заманғы құрылғылармен жабдықталған өркениетті ғимарат салып, smart-технологиялар жүйесін енгізеді. «Казатомпром» болса, Түркістан қаласын көркейту үшін қаржылай жағынан қолдау көрсетеді. Сондай-ақ түрік компаниялары да рухани астанаға өз көмектерін беруді жоспарлап отыр. Бірақ олар болашақта қандай ғимараттар салады, ол жағы әлі нақты айтылған жоқ.

Сондай-ақ Президент Назарбаев жиын барысында облыстық әкімшілік «Самұрық-Қазына» қоры және Инвестициялар және даму министрлігімен  бірлесе отырып, Түркістан қаласының вокзалын қайта жабдықтаудан өткізіп,  жаңа  әуежай салатынын айтты.

Қысқасы, алдағы төрт-бес жылда Түркістан шаһары көркейейін деп тұр.

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

Бөлісу:

1 пікір жазылған

  1. Ainaw 4 Қазан, 2018 at 10:25 Жауап

    в теч. следующих 4-5 лет думаю Туркистан расцветет и даже поможет Казахстанскому внешнему и внутреннему туризму в привлечении туристов)

Пікір жазу


*