Полиция Роналдуға қатысты «қыз зорлады» деген қылмыстық істі қайта қозғады

529
0
Бөлісу:

Лас-Вегас полициясы Португалия құрамасы мен туриндік «Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналдуға қатысты қылмыстық істі қайта қозғады.

Америкалық Кэтрин Майорга футболшыға айып тағып, шу көтерген. Оның сөзінше оқиға 2009 жылы Лас-Вегаста болған сыңайлы.

Германиялық Spiegel журналының 2017 жылғы жазуына қарағанда Роналду 2009 жылы қыз зорлады деген айыппен күдікке ілінген. Басылым мәліметінше, 2010 жылдың қаңтар айында футболшы тарапы зардап шегуші жаққа 375 мың доллар ұсынған. Соттан тыс шарт бойынша тараптар істің мән-жайын ашпауға уәделескен. Ал зардап шегуші тарап айыптаудан бас тартуы тиіс болған.

«Лас-Вегас полиция департаменті 2009 жылдың 13 маусымында болған оқиға туралы хабарлама алды. Сол уақытта зардап шегуші әйел оқиға орынын айтпаған және күдіктіні сипаттап бермеген. Медициналық тексеру өткізілді. 2018 жылдың қыркүйек айында іс қайта қозғалып, біздің детективтер шаруаға кірісті. Қазір жүргізіліп жатқан зерттеуге сәйкес әзірге ештеңе жарияланбайды» деп хабарлайды департамент.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*