негізгі басымдықтар талқыланды

415
0
Бөлісу:

Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төраға­лы­ғы­мен Мәжілістің бюро отырысы өтті. Онда Мемле­кет басшысының Жолдауы талқыға салынды. Н.Нығматулин өз сөзінде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әрбір жолдауы – әрбір қазақстандық отбасы үшін маңызы зор тарихи құжат болып табыла­тынын атап өтті.

Мәжіліс төрағасы Елбасының бұл Жолдауы бірін­ші кезекте, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағдар­лан­ған бағыттың қисынды жалғасы екендігіне назар аудартты.
Палата спикерінің байламынша, Мемлекет бас­шы­сы елімізге, халқымызға алдағы он жылға ар­нал­ған, әлеу­­меттік, экономикалық және өңірлік даму салала­рын жаппай қамтитын іс-қимыл бағдарламасын ұсын­ды.
– Қойылған мақсаттарының ауқымы, өзгерістердің қарқыны бойынша бұл стратегиялық құжаттың теңдесі жоқ. Қазақстан Президенті Жолдауының барлық бағыттары депутаттық корпустың жұмысындағы ба­сым­дыққа айналып, заң шығару қызметінде басшы­лыққа алынады, – деді Нұрлан Зайроллаұлы.
Бюро отырысында Мәжілістің келесі аптадағы жалпы отырысының күн тәртібіне енгізілетін мәселелер талқыланды. Оған сәйкес, депутаттарға алдағы жиында бірқатар жаңа заң жобаларын қарау ұсынылады.
Бұдан бөлек, қалаулылар жаңа құжаттарды жұ­мысқа қабылдап алып, бейінді комитеттерге олар бойын­ша қорытынды әзірлеу мерзімдерін белгілеп берулері керек. Бұлардың қатарында Қазақстанның кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Респуб­ликасының әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы конституциялық заң жобасы, сондай-ақ денешынықтыру және спорт мәселелеріне қатысты жаңа заңнамалық түзетулер бар.
Бұған қоса, Бюро отырысында Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің көшпелі оты­рысын өткізу туралы мәселе қаралды.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*