Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, Мәжіліс Төрағасы: Елбасымыздың Жолдауы – елімізді одан әрі дамытудың стратегиялық жолы

458
3
Бөлісу:

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауы – тарихи құжат. Себебі, әрбір Жолдау – егемен елімізді одан әрі дамытудың, биік табыстарға жеткізудің стратегиялық жолы.

Соның ішінде биылғы Жолдау – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақ­станымыз тәуелсіздік алған күннен бастап, жүргізіп келе жатқан сындарлы саясатының заңды жалғасы.
Ол бүкіл халықтың, әрбір шаңырақтың, әрбір азаматтың жағдайын жақсартуға арналды.
Онда ең алдымен, әлеуметтік саланың барлық бағыттарын қолдаудың маңызды міндеттері, сонымен бірге, отбасы, тұрғын үй, шағын бизнес, еңбекақы, жастар, ауылшаруашылығы, құқық қорғау жүйесін жаңғыртудың жолдары көрсетілді.
Ең бастысы – олардың барлығы орын­далатын, нақты және қажетті мақсаттар. Бұл Прези­дентіміздің болашақты болжайтын көреген саясатының, батыл қадамдарының, стратегиялық терең ойшылдығының тағы бір нақты көрсеткіші.
Оған жеткен жетістіктерімізді сақтап, оларды одан әрі күшейтудің үлкен мүмкіндіктерін көрсетіп берген, биылғы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: Табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауы нақты дәлел деуге болады.
Оның жүктеген міндеттер мен мақсаттар ауқымы өте зор.
Бұл жолы да әлеуметтік бағыт Жолдаудың өзегіне айналды. Әлеуметтік жаңашылдықтармен қатар, Жолдауда мықты экономикалық та серпін бар. Онда халқымыздың әл-ауқатын көтеруге арналған, бәсекелестікті күшейту мен өсудің тұрақты қарқынын қолдаудың айқын жолдары көрсетілген.
Бұл әрбір қазақстандық үшін, әрбір отбасы үшін маңызды.
Осындай шынайы іс-жоспарға құрылған, халқымыздың, еліміздің игілігін көздейтін, ір­гелі істерге жол ашатын Жолдауды жүзеге асыруға белсене қатысу – баршамыздың, әрбір азаматтың абыройлы міндеті. Бұл біздің депутаттық корпустың заң шығару жұмысының да ең басты бағыты екені сөзсіз.
Қазіргі уақытта алдағы үш жылдыққа арналған бюджет жобасы Мәжілістің қарауына енгізілген. Осы құжатпен жұмыс барысында депутаттар Елбасы Жолдауының басымдықтарын басшы­лыққа ала отырып, ең алдымен, әлеуметтік сек­торға, қауіпсіздік пен инфрақұрылымға қара­жат қарастыратын өзгерістер енгізетін болады. Сон­дық­тан биылғы Жолдау алға қойған мақсат-мұ­раттар табысты жүзеге асатынына сеніміміз зор.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

3 пікір жазылған

  1. ахмет 22 Қазан, 2018 at 14:04 Жауап

    Наверное самое лучшее что было в послании – это увеличение заработнх плат. Либо то, что воприняли самым позитивным образом

  2. Самат 22 Қазан, 2018 at 14:04 Жауап

    Учителя и медработники радуются повышением своих зарплат. Еще я слышал будут льготы для них при получении жилья

  3. Малик 22 Қазан, 2018 at 14:05 Жауап

    круто конечно. Статус педагога теперь думаю будет на должном уровне. Да и вообще статус гражданских служащих

Пікір жазу


*