ӨМІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚОЗҒАЛДЫ

599
6
Бөлісу:

Еліміздің саяси және рухани өміріндегі айтулы оқиғалардың бірі – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы. Елбасы Қазақстанның әлемнің экономикасы дамыған алпауыт мемлекеттерінің қатарынан орын алуы үшін жүйелі істерді атқарып келеді. Жаһандық геосаяси кеңістіктегі еліміздің беделін арттыруда Президенттің жыл сайынғы Жолдауларында көрсетілген межелердің алатын орны ерекше екендігін уақыт көрсетіп отыр. Ал биылғы Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзекті мәселелер көтеріліп, қазақстандықтардың әлеуетін көтеру міндеттері нақты белгіленді

Биылғы Жолдаудың форматы бөлек болды. Ақорданың төрінде, алқалы жиын ашық жағ­дайда өтті. Мемлекет басшысы Премьер-ми­нистр­ден бастап талай шендіні орнынан тік тұрғызып, жауап алды. Елбасы өз Жолдауын жариялап отырып, көп ретте қол қусырып отыратын мемлекеттік қызметшілерді сын тезіне салды. «Өзімнің тәжірибемнен білемін. Бөлімде он адам отырса, соның ішінде үшеуі ғана баршасы үшін аянбай еңбек етеді. Қалғандары қол қусырып отырады. Сәйкесінше, тек жұмыс істей алатындарға барлығын жүктеп қояды. Осы үшеуі барлық есепті жасап, негізгі жұмыстарды атқарады» деді Елбасы. Президент жұмысына салғырт қарайтындардың орнына нақты жұмыс істейтіндерді қалдыру керек деген ой айтты.
«Жұмыс істеп жатырмыз» деп жиналыс өткізу дағдыға айналған. Елімізде бір жылда 2380 сағат жиналыс болыпты. Министрлер мен әкімдер, шенеуніктер, түрлі бөлім басшылары, қызмет­кер­лер бір жыл ішінде осыншама уақыт жина­лыста отырыпты. Сонда жұмысты кім істеген?
Кемшіліктер мен олқылықтарды Елбасы айтпаса, басқалары орындауға неге асықпайды? Әр саланы басқарып отырған азаматтар жауап­кершілік жүгін Мемлекет басшысына артып қойып, қарап отыратынын жиі аңғарамыз.
Мәселен, мұғалімдерді қаптаған қағазбас­ты­лықтан құтқаратын жол жоқ па? Ұстаздар сабақ берудің орнына басы артық шаруалармен айна­лысады. Жергілікті әкімшіліктер істеуге тиісті толып жатқан жұмыс мұғалімдердің иығына ар­тылған. Елбасы ұстаздардың мәртебесін көтеруді заңмен бекітуді ұсынды. Білім саласындағы ре­формалар баянды болсын деп тілейік. Мемле­кеттік мектептерде Назарбаев зияткерлік мекте­бінің әдістемесі және стандарттары енгізіледі.
Отандық өнімді қолдау керектігі туралы талай айтылған. Жолдауда отандық киім, тамақ, күн­делікті заттар өндіру үшін субсидиялар беріле бастайтыны айтылды. Бәрекелді дегеннен басқа не дейік.
«7 – 20 – 25» ипотека бағдарламасы бойынша шаралар мен шарттарды қайтадан қарастырудың да реті келгендей. Елбасы осы бағдарламамен үй алғандар санының аздығына қынжылыс білдірді. Орынды. Бастапқы жарнаның өзін бірден төлеу­ге кез келгеннің шамасы жете бермейтіні, бұл ретте Астана әкімшілігінің тәжірибесін жаппай қолдану туралы талаптар көкейден шыққандай. Келесі жыл – «Жастар жылы» болып жарияланды. Жастарымызға жақсылығы мол болғай!
Мемлекет басшысы «Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тап­сырамын. Бұл – барлық сала бойынша түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақы­сын тікелей қамтиды. Бюджеттік мекемелерде жұ­мыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақы­сы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі» деп нақты тапсырма берді.
Экономика және руханият саласындағы жаңа қадамдар ел дамуына жаңа қуат, соны серпін беретіндігі даусыз. Жолдауда айтылған салық амнистиясы барша отандастарымызды, оның ішінде кәсіпкерлерді толғандырып жүрген көкейкесті мәселелердің бірі. Бизнес өкілдеріне қолдау көрсету, шағын және орта бизнесті дамыту барысындағы батыл қадамдар ел ішіндегі атқарылуға тиісті кемел істерді дамытуға мүм­кіндік береді.
Елбасының отандық тауар өндірушілер мен жергілікті тұтынушылар арасындағы нақты бай­ланысты нығайту арқылы ғана ел экономикасын күшейтуге болатындығын баса көрсете отырып, жұмыла жүзеге асыратын істерді санамалап беруі Жолдаудың құндылығын арттыра түспек. Ха­лықтың тұрмысын жаңа сапалық деңгейге шы­ғаруды көздейтін игі қадамдарды ел тұрғындары қызу қолдайды.

Нұртөре ЖҮСІП

Бөлісу:

6 пікір жазылған

  1. Мержан 24 Қазан, 2018 at 13:54 Жауап

    Қуанышты жаңалық болды расыменде. Жастарға деген үлкен серпіліс болайын деп тұр келер жыл. Бастысы ақты нәтиже болсын

  2. Малик 24 Қазан, 2018 at 13:55 Жауап

    Жастар сарайы барлық өңірлерде ашыла ма екен? Спорттық алаідармен әр ауыл қамтамасыз етіле ме екен? Сонда ғана мәселелер шешімін табады

  3. Сакен 24 Қазан, 2018 at 13:55 Жауап

    Жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға серіктес болатын мүмкіндіктерді беру керек

  4. Тимур 24 Қазан, 2018 at 13:55 Жауап

    Наверное самое лучшее что было в послании – это увеличение заработнх плат. Либо то, что воприняли самым позитивным образом

  5. Мурат 24 Қазан, 2018 at 13:56 Жауап

    Учителя и медработники радуются повышением своих зарплат. Еще я слышал будут льготы для них при получении жилья

  6. Әлібек 24 Қазан, 2018 at 13:56 Жауап

    В следующем году еще ведь убирают налоги с зп у тех у кого меньше 50 тыс тг. А тут еще и мзп повышают

Пікір жазу


*