Хабиб Нұрмагомедов чемпиондық титулы мен сыйақысынан айырылмақ (видео)

2781
0
Бөлісу:

UFC президенті Дана Уайт ресейлік спортшы Хабиб Нұрмагомедовтан чемпиондық белбеудің тартып алынбайтынына 100 пайыз кепілдік бере алмайтынын мәлімдеді.

Лас-Вегаста өткен UFC 229 турнирінде ресейлік спортшы Конор МакГрегорды 4 раундта қылқындыру әдісі арқылы жеңіп, чемпион атанған болатын.

«Хабибтің чемпиондық белбеуі қала ма, жоқ па ол жағына толық кепілдік бере алмаймын. Біз Невада комиссиясына бағынамыз. Ал олар болса өте қатал шешім қабылдайды. Сондықтан Хабиб комиссияның шешімі үшін уайымдауы керек» депті Уайт.

«Мен аренадағы фанаттар үшін қатты уайымдадым. Егер мен сол жерде Хабибке белдікті берер болсам, онда адам танығысыз төбелес болып кетуі мүмкін еді. Біз оны октагоннан үлкен қиындықпен алып шықтық. Бәрі сәтті болды. Қазір Невада штатының атлетикалық комиссиясы істі тексеріп жатыр. Ал UFC тарапынан қандай жаза қолданылуы мүмкін? Әрине, ондай спортшылар біздің ұйым сапында өнер көрсетуге лайықты емес» деп атап өтті ол.

Ал МакГрегор болса өзінің твиттердегі парақшасында «Бәрі абыр-сабыр болып жүр. Реванш күтемін» деп жазыпты. Және Инстаграмда «Мен ораламын» деп жазба қалдырған.

Бір қызығы Конор өзіне қарсы келген Нұрмагомедов командасындағы жігіттердің үстінен арызданбаған. «Хабибтің командасындағы үш жігітті босатып жіберді. Себебі, Конор оларға қарсы арызданған жоқ» депті Уайт.

Ал Хабиб болса жекпе-жектен соң көпшіліктен кешірім сұраған.

«Барлығыңызға сәлем. Біріншіден, Невада штатының атлетикалық комиссиясынан кешірім сұраймын. Мен өзімді жағымсыз қырымнан көрсеткенімді білемін. Бірақ мен де адаммын. Менің октагоннан асып түсіп, төбелескенімді сынап жатыр. Бірақ менің елім, менің дінім, менің әкем туралы айтып жатқанда қалай шыдап тұрамын. Конор болса Бруклинге келіп автобустың терезесін сындырды, сәл болмағанда қанша адамды өлтіре жаздады, ал бұған не дейсіздер? Мені әкем әрқашан өзгелерді құрметте деп үйретті. Бәрі МакГрегорды чемпион дейді. Бірақ бүгін ол шарасыз болды. Бүгін мен жеңіл салмақтағы нағыз жеңімпаз атандым» депті Хабиб.

Осыған дейін Хабиб өзінің түрмеге де отыруға дайын екенін айтқан еді.

Абай Аймағамбет

Бөлісу:

Пікір жазу


*